RU
"Бұл мен үшін қасірет": Вице-министр тоңазытқышта қайтыс болған сәби жайында пікір білдірді

"Бұл мен үшін қасірет": Вице-министр тоңазытқышта қайтыс болған сәби жайында пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы перинитарлық орталықта қайтыс болған сәбидің отбасынан кешірім сұрады. Тергеу амалдары акушер-гинекологтың сәбиді тоңазытқыш камерасына қасақана салды деген күдік келтіріп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ляззат Ақтаева. Фото: primeminister.kz

Ляззат Ақтаева. Фото: primeminister.kz

"Әрине, әрбір науқасты, сәбиді жоғалту – бұл қасірет. Оның жақын туыстарына ғана емес, медицина қызметкерлері үшін де солай.
Сондықтан да мұндай жағдай болған кезде медицина қызметкерлері марқұмның туыстарын барынша қолдауы керек, психологиялық кеңес беруі қажет.
Бұл вице-министр ретінде, жеке, мен үшін - қасірет. Қара жамылған отбасыдан, сәбидің анасынан кешірім сұраймын. Баланы қасақана өлтіру фактісі болған-болмағаны тергеу қорытындсы бойынша белгілі болады.
Сол кезде толық ақпарат беретін боламыз", – деп мәлімдеді вице-министр.
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel