Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірген": Атырауда дәрігерлерге қатысты тергеу жүргізілуде

Опубликовано:

Сәби1
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Атырау облысының перинаталдық орталығында өтіп жатқан сотқа дейінгі тергеу туралы айтып берді. Бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға тергеу жүргізе отырып, АӨК күтпеген жерден бала өлімін анықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысында бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен облыстық перинаталдық орталықтың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Гиппократ антын берген Денсаулық сақтау қызметкерлері жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірген деп күдіктелуде.

Арнайы жедел іс-шаралар барысында баланың туғаннан кейін тірі болғанына қарамастан салғырттықтың салдарынан өлі деп ресімделгені анықталды.

Бала өмір белгілерін бергеннен кейін, дәрігерлер оны аман алып қалудың орнына ресімделген құжаттар бойынша әрекет етіп, нәрестенің өліп кетуіне мүмкіндік берген.

Дәрігерлердің мұндай іс-әрекетке баруының бір себебі - базада толтырылған құжаттар болған және оларды түзету мүмкін емес еді", - деп хабарлады АӨК төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула.

Оқиға перинаталдық орталықтың басшысына қатысты басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу барысында кездейсоқ анықталған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына жедел жеткенімен, баланы құтқаруға үлгермеген.

"Жедел жеткен тергеу тобы бұл фактіні анықтап, растады - баланың денесі тоңазытқыш камерасына салынған, алайда біз уақыт бойынша оқиғаның алдын алуға үлгермедік", - деп толықтырды агенттікте.

Тергеу бойынша, босануды қабылдаған акушер-гинеколог баланы перинаталдық орталық басшысының нұсқауымен тоңазытқыш камерасына салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820480-tiri-sbidi-toazytkyska-salgan-atyrauda-bala-limine-katysty-tergeu-zrgizilude/

pixel