Қайрат Нұртас жұбайының Қарақалпақстаннан екенін жасырмай айтты (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас қалың жұртқа әйелінің Қарақалпақстаннан екенін жеткізді. Оның сөзінше, Жұлдыз Әбдікәрімова аталмыш елде дүниеге келген. Ал өскен жері Алматы қаласы екен деп жазады Youtube желісіндегі "Megaline" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртас Қарақалпақстан еліне концерт беруге барып, жергілікті телеарнаға сұхбат берген.
Оның барысында әнші жарының осы елдің тумасы екенін айтып, қарақалпақтар оған қайын жұрты болатынын әзілдеп айтқан.
"Иә, ол осында туған. Бірақ, Алматыда өскен. Бірақ ол - қазақ. Демек осы сіздер қайын жұртымсыздар менің" , - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жанкүйерін кеудесінен итеріп, басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.
Өнер жұлдыздары бұл жағдайда шоу-бизнестегі әріптесіне қолдау білдіріп, оны қызғыштай қорғаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821582-kajrat-nrtas-zbajyny-karakalpakstannan-ekenin-zasyrmaj-ajtty/