Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас келіншекке арналған кеңестер: Қандай қателікке бой алдырмау керек

Жарияланған күні:

Отбасылы болу - адам өміріндегі ең маңызды қадам. Дегенмен, "үйлену - оңай, үй болу - қиын". Жұбайлар арасындағы берік қарым-қатынасты, сыйластықты сақтап қалу үшін ер адам мен әйел екеуі теңдей еңбектенуі керек. Осы ретте Рамблер порталы тұрмысқа жаңа шыққан әйелдер қандай қателікке бой алдырмауы керегін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

"Өзім" деген сөзден бас тартыңыз

Тұрмысқа шықпас бұрын, өз мәселеңізді өзіңіз шешсеңіз, ендігі жерде күйеуіңізге жол беріңіз. Отбасында ер адам мен әйел адамның рөлі болуы керек. Күйеуіңіз сізді қорғасын десеңіз, қиындықтарыңызды онымен бөлісіңіз.

Құрбыларыңызды азырақ тыңдаңыз

Әйелдер сырын құрбыларына ақтаратыны белгілі. Дегенмен, сырыңызды ашамын деп жүріп, құрбыңыздың отбасылық мәселелерге араласып, тіпті шешуіне жол бермеңіз. Құрбыңыз күйеуіңізбен араңызда не барын 100 пайыз білмейді. Сондықтан, оларды араластырмаған дұрыс.

Үйдегі ұрыс-керісті жақындарыңызға айтпаңыз

Сіз отбасылы болу туралы шешімді ақылмен қабылдаған боларсыз. Егер туыстарыңызға түймедейді түйедей етіп айта берсеңіз, серігіңіздің жақындарыңыз алдында қадірі кетіп, абыройы төмендейді. Отбасылық өмірде ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сондықтан, сыртқа шығаратын да, шығармайтын да дүниелер барын ұмытпаңыз.

Бос уақытыңызды дұрыс жоспарлаңыз

Тұрмысқа шыққанша сіздің еркіңіз де, уақытыңыз да өзіңізде болды. Енді заңды түрде некеңізді қиған соң, жолдасыңыздың алдында жазылмаған міндеттеріңіз бар.

Құрбыңызбен немесе басқа да кездесулер алдында күйеуіңізбен ақылдасыңыз. Ол қарсы емес пе, соны сұрап біліңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822102-zas-kelinsekke-arnalgan-keester-kandaj-katelikke-boj-aldyrmau-kerek/