27 жасқа толған Төреғали Төреәлінің туған күні қалай өтті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Күні кеше Төреғали Төреәлі Алматы төрінде туған күнін дүркіретіп атап өтті. "Ұлы дала баласы" 27 жасқа толды. Отандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызының дүбірлі тойы қалай өткені және келген жұлдызды қонақтар туралы мәліметті KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыз.
Төреғали Төреәлі 27 жасқа толуын оңтүстік астанадағы Rixos қонақ үйінің мейрамханасында тойлады.
Дүбірлі тойға жұлдызды жанұя мүшелері түгелімен жасыл түсті киім-кешек киіп келген.
Оған қоса, бұл жолы Төлеповтер әулеті ел алдына тағы бір жанұя мүшесімен толығып шықты.
Фариза Төреәлі ағасының туған күніне болашақ жолдасы Нортаев Дарханмен қол ұстасып келді.
Әншінің мерекелік кешіне туған-туыстарымен қатар, барша эстрада жұлдыздары жиылды.
Туған күн иесін жеке құттықтап келген танымал тұлғалар қатарында Жүрсін Ерман, Медеу Арынбаев, Жанар Айжанова, Мұхамеджан Тазабеков, Ардақ Назаров, Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Мейрамбек Бесбаев, Серік Ибрагимов, Мақпал Жүнісова, Кенжебек Жанәбілов, Анар Батырхан, Ерке Есмахан, Артур Төлепов, "Меломен" тобы, Айқын Төлепберген және тағы да басқа әртістер болды.
Төреғали Төреәлі туған күн кешінде "Toresh" атты шайының тұсауын кесті.
Тойдың сыйлы қонақтары алғашқылардың бірі болып шайдың дәмін татып, өз бағасын берді.
Аталмыш шайдың тұсауын кесу мәртебесі әйгілі қазақ айтыскері Жүрсін Ерманға табысталған.
Төреғалидің өзі не себепті шай шығарғаны туралы пікір білдіріп, бірқатар жаңалықтарымен бөлісті.
"Өзіміз тұтынып жүрген нәрсеге қазақша калорит қосып, отандық өнімдерді дамытуға барынша атсалыспасақ та, кішкене үлес қоссақ дейміз.
Мен айтарлықтай кәсіпкер емеспін. Бірақ, қолдан келгенді жасаймын. Болашақта не шығарарымды білмеймін. Кейде ойланып жатып, көлік шығарсам ба деп қоямын.
Мен шайқормын. Мен жалғыз емес шығармын. Біздің қазақ жақсы көреді ғой шайды. Айтыста ақындар бар. Айтысқаннан гөрі шай ішкендер көп болады.
Кейде айтысуды ұмытып, шай ішіп отыра береді. Шай, айтыс, Жүрсін аға, қазақ барлығы егіз ұғымдар ғой. Ажырата алмайсың.
Иіс судан гөрі, осы шай маған жарасымдырақ па деймін. Мысалы, Димаш әтір шығарды деп естідім. Оған қатты жарасып кетті. Қайрат шығарамын деп жүр. Маған да жараспай тұрған ештеңесі жоқ енді.
Бірақ, болашақта болады. Жұрттың бәрі "Төреш сасып жүреміз бе?" деп айтып жатады. Жақында "Toresh" иіс суының қыздарға арналған түрі шығады" , - деді әнші
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822170-27-zaska-tolgan-tregali-trelini-tugan-kni-kalaj-tti-foto-video/