RU
"Арбаға отырғаннан кейінгі жаңа өмір": Мұрат Әбенов жас жазушыны көпке үлгі етті

"Арбаға отырғаннан кейінгі жаңа өмір": Мұрат Әбенов жас жазушыны көпке үлгі етті

Рассказать Вконтакте

Қойғам қайраткері Мұрат Әбенов ауыр дертке шалдығып, арбаға таңылса да, тағдырдың тәлкегіне мойымай, жазушылықты қолға алған келіншекті көпшілікке үлгі етті. Оның айтуынша, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" тізіміне кіруге қоғамда көптен аты аталып, теледидарда бұрыннан жарқырап жүрген жандар емес, Торғын Жолдасбекқызы секілді рухы биік, қайсар тұлғалар әбден лайық деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Арбаға отырғаннан кейінгі жаңа өмір": Мұрат Әбенов жас жазушыны көпке үлгі етті

Мұрат Әбенов, Торғын Жолдасбекқызы. Фотоколлаж: NUR.KZ

Мұрат Әбеновтің жазуынша, жаңаша ойлайтын, жаңа заманның талаптарына, бұрын кездеспеген қиыншылығына төтеп бере алатын, жаңаша тіршілік жасайтын, сол арқылы нақты жетістікке жеткен азаматтар жастарға үлгі болады.

Сонда ғана олар "Маған қашан сырттан біреу келіп, көмек береді" деп күтіп отырмай, әрекет етуге дағдыланады екен.

"Ондай адамдар қасымызда жүр, бірақ, біз оларды осындай жобаларға ұсыну керек екенін ойлай бермейміз.

Бүгін мен сондай адамның бірі, жас жазушы Торғын Жолдасбекқызын атап өткім келеді.

Өзімен осыдан 4 жыл бұрын facebook-те танысқанмын. Менің жастар туралы жазған ойларыма Торғын өз пікірін қосатын.

Кейін жақындау таныса келе, жас болса да, тек талантына емес, қайсар мінезіне, төзілімділігіне, өз өзіне жаупкершілік алып, басқа рухани әлсіздікке түскендерге пана бола алатын мінезіне таңғалдым. Ерекше құрметтей бастадым", - деген қоғам қайраткері жазушы келіншекті оқырмандарына таныстырды.

"Ол 1985 жылдың 17 сәуірінде Алматы облысында ұстаздардың отбасында дүниеге келген екен. 10 жасында анасы ұзақ аурудан кейін дүние салып, соңында екі қыз қалған. Қазіргі кезде және төрт бауыры бар.

Торғын орта мектепті 2003 жылы үздік бітірген. Сол жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не түсіп, оны да үздік тәмамдайды. Сүйікті адамына тұрмысқа шығып. Арада екі жыл өткен соң, 2008 жылы қызды болды.

  • "Ел қатарлы күн кешіп жатыр ек, қатер төніп келе жатқанын да білмедік", - деді Торғын бір сөзінде.

Сол жылдың жазында әпкесі денсаулығы сыр беріп, белгілері дәл анасының сырқатына ұқсас болған соң, екеуі бірге тексеріледі. Күдігі дәлелденіп, екеуіне де "Прогрессирующая мыщечная дистрофия"- деген диагноз қойылды. Анадан қызға берілетін өте сирек генетикалық дерт.

Торғынның өмірі сол кезде күрт өзгерді... Оқу, іздену, өсуді қойды. Көңілі түсіп, денесін зіл басқандай күй кешеді. Осы күйде 2014 жылы әпкесі көз жұмғанға дейін болып, алған соққыдан қалың ұйқыдан оянғандай болады", - деп баяндады Әбенов.

Қолына қалам алып, ойларын хатқа түсіре бастаған Торғын түрлі шағын да, көлемді дүниелер жазған көрінеді. Мұрат мырза оның тырнақ алды туындысының оқырманы болған. Кейіннен оны біраз жастарға ұсыныпты.

"Ал осы жақында Торғынның "Араша" деген жаңа кітабы қолыма түсті. Қызылордаға сапарға бара жатып рюкзакка салып алдым.

Шынымды айтсам ересек адам болып бірнеше рет көзіме жас алдым. Мүлдем бөлек дүние.

Торғын тағы бір сөзінде "Ауруымды білгелі арбаға таңылған күні өмірім тоқтайды деп ойлаушы ем, қызық болғанда, сол арбаға отырған күннен қыз-қыз қайнаған жаңа өмірім басталып кетті" деді.

Осы сөзінен-ақ оның қандай адам екенін біле беріңіз. Кітаптар жазып қана емес, жастардың алдында арнайы мотивациялық тренингтерді барлығымызға үлгі боларлық жағдай.", - деп жазды Мұрат Әбенов.

Қоғам бенсендісі жақында Торғын Жолдасбекқызының Сөз" повесті, "Араша" және "Қоқыс" әңгімесін Open Eurasian 2019 конкурсына қатысқанын және соның екеуі де финалға өткенін жеткізді.

"Қарашаның 13-16 аралығында Брюссельде өтетін әдебиет фестивліне шақыру алыпты.
Қашанғы біздің жұлдыздарды өзгелер жаға береді?! Оларды өзіміз бірінші таниық. Торғынды "100 Жаңа есім" қатарына енгізүге лайық деп есептеймін", - деп аяқтады жазбасын Әбенов.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде "Қазақстанның 100 жаңа есімі: Жетістікке жеткен жастардың тарихы" байқауы өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel