Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айым Сейтметованың ұзатуы мен үйлену тойы: Көптен күткен қуаныш қалай өтті

Опубликовано:

Актриса Айым Сейтметованың ұзату тойы Алматы қаласында өтуде. Өнер иесінің естен кетпейтін қуанышында көптеген танымал тұлғалар бой көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal
Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal: Instagram

Мерекелік кеш оңтүстік астанадағы қымбат мейрамхананың бірінде болып жатыр.

Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal
Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal: Instagram

Желіде тараған видео кадрларынан танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанова құдаларын ерекше қошеметпен қарсы алғанын байқауға болады.

Сондай-ақ, күйеу жігіт Талғат пен қалыңдық Айымды бір топ өнерпаздар сахналық қойылым арқылы көпшіліктің алдына шығарды.

Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal
Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal: Instagram

Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal
Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal: Instagram

Желі оқырмандарының пікіріне сенсек, екі жастың ата-аналары тойды бірігіп жасауда.

Себебі, Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова және олардың туыстары бірден ақ жол төсеп, Айымды қыздардың сыңсуымен күйеу баласының қолына табыс етті.

Ұзату шарасы мейрамхананың жазғы алаңында өтті.

Ал үйлену той аталған мекеменің ішінде ұйымдастырылған.

Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal
Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal: Instagram

Кішкене уақыт өткен соң Талғат пен Айымның үйлену тойы басталды.

Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal
Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal: Instagram

Той залына кірген екі жастың қонақтар алдында некелері қиылып, жүзіктері тағылды.

Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal
Видеодан кадр: Instagram/svadba.kz.weddingmal: Instagram

Еске сала кетсек, бұған дейін Айым Сейтметоваға сырға салынып, актриса өзінің қызойнағын ерекше стильде атап өткен еді.

Кейін Айымның анасы Данагүл Темірсұлтанова қызының жасауын көпшілікке көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822954-ajym-sejtmetovany-zatuy-men-jlenu-tojy-kpten-ktken-kuanys-kalaj-tude/

pixel