Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тән сату емес": "Қалаулым" жұлдызы жасы үлкен әйелмен ара-қатынасы болғанын айтты

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" қатысушысы жасы үлкен келіншекпен ара-қатынаста болғанын ашып айтты. Ілияс Бордатханов проблемаға тап болған әйелге көмектесіп, артынша достасып кеткен. Бұл туралы бұрынғы "қалаулымдық" жігіт Шах-Керім Кәрменовке берген сұхбатында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Youtube
Видеодан кадр: Youtube: Facebook

Өзін "брендке" теңейтін Ілияс көңіл қосқан әйелінен пайда көруді мақсат тұтпапты.

Алайда, жақсы қарым-қатынаста болғандықтан келіншек түрлі сыйлықтар беріп жүрген екен. "Қалаулым" қатысушы да өзінен үлкен "сүйіктісін" сыйдан құр алақан қалдырмаған көрінеді.

"Төсектес болғанымыз рас. Бірақ, ол мені ақшаға сатып алған жоқ. Сыйлықтар бергенін де жасырмаймын. Мен оған бергенімді бердім. Жасырып нем бар. Тән сату емес, ғашықтық та емес",- деп бастады ол әңгімесін.

Ілиястың сөзінше, бұл қарым-қатынас проблемаға кезіккен нәзік жандыға көмектесуден басталған көрінеді. Содан бері келіншек пен жігіттің арасы жақындай түсіпті.

"Мен ол кісінің өмірін құтқарып қалған болатынмын. Өйткені, екеуміз көлікпен түсіп бара жатқанда ол ішіп алып, жылап отырды. Көлігін селкеңдеп айдап келе жатқанын көрдім.

Алдына шығып, терезеден "не болды?" деп сұрасам, "өз проблемаларым болып жатыр" деді. Мен ол үшін қорықтым, расымды айтайын. Тоқтатып, сөйлескен соң бәрін айтты.

Мен оны адам ретінде түсініп, қолдауымды бердім. Ол "спасибо, дорогой" деген соң ары қарай сөйлесуге қарсы емес екенімді айттым.

Солай жалғасты, оған ғашық болған жоқпын. Мұндай жағдай 80 пайыз еркектің басынан өткен шығар, жасыратыны жоқ",- деді Бордатханов.

Жасы егде әйелге дер кезінде қолдау білдірген "Қалаулымның" шулы қатысушысы өзін "альфонсқа" теңемеймін дейді.

"Менің ойымша, альфонс дегеніміз - қыздардан заттарды сұрап алу, өзі соны қалап, қыздың есебіне жүру. Беріп тұрғанда, неге алмасқа? Ол тек маған берген жоқ, мен де оған сыйлық бердім ғой. Бәрі ниет қой. Мен өзімді "альфонс" деп айтпаймын",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823672-tn-satu-emes-kalaulym-zldyzy-zasy-lken-jelmen-ara-katynasy-bolganyn-ajtty/

pixel