RU
Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты (фото)

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласында бокста тұрған автоцистерна жарылды. Соның салдарынан бір адам көз жұмып, тағы бірі жарақат алды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға 23 қазан күні орын алған.

"23 қазанда сағат 17:53-те Павлодардың "101" пультіне Транспортная көшесінде орналасқан бокстағы автоцистернаның жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару бөлімшелері келген кезде жарылыстың салдарынан шатырдың құлағаны, сонымен қатар 8 шаршы метр аумақта цистернаның жанып жатқаны анықталды", - деді төтенше жағдайлар комитеті.

Мәліметке сәйкес, құтқарушылар бірден құрылымдарды ажыратып, өртті сөндіруге кіріскен.

"Үйінділердің арасынан зардап шеккен бір адамның және ажал құшқан ер адамның денесі шығарылды. Шамамен 250 шаршы метр аумаққа үйінді құлаған", - деді ведомство.

Өрт сағат 18:27-де ауыздықталған.

Қазіргі уақытта үйінділерді тазарту жұмысы жалғасуда.

Оқиға салдарын жоюға жеке құрамнан 30 адам мен 7 техника жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері бокс алаңын қоршауға алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel