Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биыл қыс қандай болады

Опубликовано:

"Қазгидромет" Қазақстандағы алдағы қысқы кезеңге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Елімізде қыс мезгілі жылы болады деп күтілуде, тек ақпан айында қалыпты деңгейден суық болуы ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Біз қыс мезгілі жылы болады деп болжап отырмыз. Тек ақпан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа төмен болмақ. Желтоқсан-қаңтар айлары жылы болады деп күтілуде, себебі бізде күз мезгілі жылы", – деп атап өтті гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт.

Қараша айында Қазақстандағы ауа температурасы қалыпты нормадан 1 градусқа жоғары болады. Бұл айда Алматы облысында норма +3-тен -5-ке дейін, Ақмола облысында -5-тен -7-ге дейін, Түркістан облысында +1-ден +7-ге дейін, Атырау облысында 0-ден +1-ге дейін, Ақтөбе облысында -1-ден -4-ке дейін, ШҚО-да -1-ден -7-ге дейін.

Желтоқсан айында ауа температурасы қалыпты нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы ықтимал. Алматы облысында -2-ден -13 ке дейін, Түркістан облысында +1-ден -5-ке дейін, Атырау облысында шамамен -4, Ақтөбе облысында -7-ден -11-ге дейін, Ақмола облысында -11-ден -13-ке дейін, ШҚО-да -9-дан -16-ға дейін.

Ақпан айында ауа температурасы қалыпты нормадан 1-2 градусқа төмен болады деп күтілуде. Алматы облысында -2-ден -13-ке дейін, Түркістан облысында +1-ден -5-ке дейін, Атырау облысында шамамен -6, Ақтөбе облысында -10-нан -13-ке дейін, Ақмола облысында -13-тен -15-ке дейін, ШҚО-да -9-дан -17-ге дейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823985-kazakstanda-biyl-kys-kandaj-bolady/

pixel