Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам намибиялық Каутондокваны жеңді

Жарияланған күні:

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында кәсіби бокс кеші өтті деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: UGC

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шықты.

Исламға тиесілі орта салмақтағы WBO халықаралық чемпионының белбеуі сарапқа салынды. Төрешілердің шешімімен Қанат жеңіп, өз атағын сәтті қорғады. Бесінші раундта африкалық нокдаунға түсті.

Үш төреші де жеңісті Қанатқа берді. Ал қазақстандық спортшы үшін бұл кәсіби мансабындағы 27-жеңісі болды. Вальтер Каутондоква мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, былтыр намибиялық боксшы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіліп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824294-kanat-islam-namibialyk-kautondokvany-zedi/