RU
"Іштерін тартып тұрды": Министрлер Ақордада Лукашенконы қалай қарсы алды (фото)

"Іштерін тартып тұрды": Министрлер Ақордада Лукашенконы қалай қарсы алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Беларусь президенті Александр Лукашенко өткен аптаның соңында Қазақстанға ресми сапармен келді. Оны Ақордада жоғары деңгейде қарсы алды, алайда, күтіп алу барысында біршама жайсыз жағдайлар да орын алған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Александр Лукашенко 24 қазанда Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келді. Оны әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды. Келесі күні мемлекет басшылары Ақордада кездесті.

Кездесу күні таңертең Ақордада аздаған қарбалас болды. Министрлер жоғары лауазымды қонақты күтіп алу үшін протокол бойынша тізіліп тұрды.

Алайда, бұл олар үшін оңайға соқпаған көрінеді. Ара-тұра бір шенеуніктің лакталған туфлиі президенттің қызыл кілеміне шығып кетіп жатты.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Ақыры, ведомство басшылары бұл тапсырманы сәтті орындап шықты. Басылымның жазуынша, оларды әдемілеп сапқа тұрғызған – шет-шетінде бойшаң вице-премьер Роман Скляр мен энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ал ортасында бойлары аласа шенеуніктер тұрған.

Дереккөздің ақпарынша, кейбір министрлер сымбатты көріну үшін іштерін тартып тұрған. Әсіресе, қатардан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ерекшеленіп тұрғаны байқалған. Себебі ол әдеттегідей қызметтік формада емес, қарапайым шенеуніктердің костюмында болған.

Тұрғымбаев журналистерге түсіндіргендей, костюмды протокол үшін қажет болғандықтан киіпті. Дегенмен, ол өзін костюммен жайлы сезінгенін айтқан.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Сонымен қатар, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов та ерекшеленіп көзге түсті. Ведомство басшысы Қазақстанның Беларусь нарығына не шығаратынын біраз уақыт есіне түсіре алмаған, бірақ елімізде қандай белоруссиялық тауарлар саудаланатынын мүдірмей атап өткен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Екі елдің әнұрандары орындалғаннан кейін мемлекет басшылары келіссөз жүргізуге кетті.

Олар бірқатар күрделі мәселелерді талқылап, "маңызды келісімдерге" келген.

Президенттер оңаша қалып, келіссөз өткізгенше Беларусь делегациясының өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, неліктен халық Лукашенконы "батька" деп атайтынын түсіндірді.

"Себебі ол біз үшін әкеміз сияқты", – деді делегаттардың бірі.

Ол сондай-ақ халықтың олай атауы Лукашенконың өзіне де ұнайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel