RU
"Амалым болмады": Желіні шулатқан тақырбас қалыңдық ессіз әрекетін түсіндірді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Амалым болмады": Желіні шулатқан тақырбас қалыңдық ессіз әрекетін түсіндірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ғаламтор кеңістігінде қызу талқыға түскен тақырбас келіншек үйлену тойы алдында образын өзгертуіне не түрткі болғанын айтып берді. Мулан желіде жұлдыз болып, хайп жасау үшін шашын тақырлап алып тастағанын түбегейлі жоққа шығарды. Оның бұл қадамға баруының өзіндік себебі бар болып шықты деп жазады Qalayym Live бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде отбасылық өмірдің қызу қамына кірісіп, сәбилі болған Маквин мен Мулан әлі де ел аузында. Жас жұбайларды қызу талқылау толастар емес.

Келіншектің үйлену тойына тақырбас болып келуі көпке ерсі көрінген еді. Алайда, Мулан шашын әдейі жұлдыз болу үшін емес, аллергия салдарынан тақырлап тастағанын алға тартты.

Оған қоса, ол үйлену тойы болатынын тек образын өзгертіп тастағаннан кейін бір-ақ білген.

"Шын мәнісінде мен басымды қатты аллергия болғандықтан тақырлап тастадым. Ол кезде менің жүктілігіме екі ай болған. Маған дәрі ішуге болмайтын еді.

Яғни, мен аяғым ауыр болып, тұрмысқа шықтым. Бірақ, жүкті болғандықтан емес, онсыз да отбасын құрмақ болғанбыз.

Бірақ, біз үйлену той жасағымыз келмеген. Нәтижесінде туыстарымыз көп болған соң, тойлауға тура келді.

Аяғым ауыр болғандықтан дәрі ішуге болмайды. Сол себепті, маған күніне басымды бес мәрте жуу қажет болды. Алайда, менің шыдамым жетпей, алдым да басымды тақырлап тастадым.

Ол алдын ала жоспарланбаған нәрсе. Мен басымды тақырлап жатқанда үйлену тойымыз боларын білмедім" , - деді Мулан.

Жас жұбайлардың айтуынша, ата-аналары оларға тосынсый жасап, той болатынын хабарлаған.

"Біз тойымыздың болатынын кейіннен білдік. Негізі о баста қарсы болдық.
Мен анама қоңырау шалғанымда, ол кісі бізге айтпай, тойды тосынсый етпек болғанын жеткізді. Алайда, некелесуіміз осындай шуға айналады деп тіптен күтпедік" , - деді жас ана.

Шашымен қош айтысу Муланға оңай болған көрінеді.

"Маған тек өзім үшін жақын адамдарымның пікірі ғана маңызды. Қалғандарының айтқанын құлағыма қыстырмаймын да. Бастапқыда анам тарапынан әрекетімді түсінбеушілік болды. Ал қазір бәрі басқаша. Мен кейде парик киіп алсам, ол тіпті "жоқ, саған шашсыз болған әлдеқайда жақсы" деп айтатын болды" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
4
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel