RU
"Еркекше": 50 жасқа толған танымал актер мерейтойын қалай өткізеді (фото)

"Еркекше": 50 жасқа толған танымал актер мерейтойын қалай өткізеді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының беделді әртісі, көрерменге көгілдір экран арқылы да танылған актер Жомарт Зейнәбіл ердің жасына жетті. Елуді еңсерген өнер иесі өзі қызмет ететін қарашаңырақта мерейтойын өткізбекші деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Еркекше": 50 жасқа толған танымал актер мерейтойын қалай өткізеді (фото)

Фото: instagram, коллаж: NUR.KZ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Жомарт Зейнәбілдің 50 жасқа толу қуанышына орай Мүсірепов театрында жаңа спектакльдің тұсауы кесілмек.

Режиссер Жұлдызбек Жұманбай сахналаған "Еркекше..." деп аталатын қойылымда туған күн иесінің өзі басты рөлді сомдайды екен.

Сондай-ақ, америкалық драматург Саймонның пъесасын Жомарт мырзаның өзі қазақшаға аударған болып шықты.

Бұл туралы Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Еркекше" спектаклінде Жомарт Зейнәбілден бөлек Сәкен Рақышев, Руслан Ахметов, Дархан Дайырбеков сынды танымал актерлермен қоса Гүлдана Ергешова және Нұргүл Мыңғатова есімді аткрисалар бой көрсетеді.

Айта кетерлігі, аталмыш комедияның премьерасы бүгін, 31 қараша күні сағат 17:00-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel