Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде кішкентай балаға қатыгездік танытқан дәрігердің видеосы пайда болды

Жарияланған күні:

Интернет кеңістігінде кішкентай балаға қатыгездік танытқан дәрігердің видеосы тарап кетті. Бейнежазбада медицина қызметкері бүлдіршінді жұлқылап жатқанын көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/aqtau_live
Видеодан кадр: instagram.com/aqtau_live: Depositphotos

Желіде тіс емханаларының бірінде дәрігердің кішкентай балаға дөрекілік көрсетіп жатқан видеосы пайда болды.

Бейнеролик Instagram желісіндегі aqtau_live парақшасында жариялаған. Автордың айтуынша, жаға ұстарлық оқиға Ақтаудағы стоматологиялық орталықта орын алған.

Видеодан әйел адамның баланы кабинетке кіргізіп, өзі қайтадан шығып кеткенін байқауға болады. Келіншек бүлдіршіннің анасы болса керек. Мазасыздана бастаған баланы дәрігер жұлқылап, стоматологиялық орындыққа лақтыра отырғызады. Медицина қызметкерінен одан бетер қорқып кеткен бүлдіршін қатты жылай бастайды. Сол кезде тіс дәрігері қолына бір құралын алып, баланы қорқытқан. Артынан оны тағы бірнеше мәрте жұлқылап тынышталдыруға тырысқан. Алайда, ақыры ер адам бүлдіршінді кабинеттен шығарып тастайды.

Айта кетерлігі, қатыгездік танытқан дәрігердің қасында сол сәтте екі көмекшісі болған. Олар әріптесінің дөрекі әрекетіне мүлдем кедергі келтірмеген.

инАктау басылымының жазуынша, оқиғадан соң, зардап шеккен баланың анасы бірден полицияға арыз жазған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Басылымның хабарлауынша, бүлдіршін ДЦП аурына щалдыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825338-zelide-kiskentaj-balaga-katygezdik-tanytkan-drigerdi-videosy-pajda-boldy/