RU
Этникалық қазақ жігіті Өзбекстанда бокстан тағы да ел чемпионы атанды

Этникалық қазақ жігіті Өзбекстанда бокстан тағы да ел чемпионы атанды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда бірнеше күнге жалғасқан бокс бойынша ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста этникалық қазақ Елнұр Абдураиымов 64 келі салмақта жеңімпаз атанған деп хабарлайды Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігі.

Фото: uza.uz

Фото: uza.uz

Бокстан ел чемпионаты Ташкенттегі "Универсал" спорт сарайында өткен.

Республика бойынша 200-ге жуық боксшылар қолғап түйістірген жарыста жақсы нәтиже көрсетіп чемпион атанған Ташкент облысында туған боксшылар болды.

Олар қатарында Ташкент облысының Бостандық ауданында туған Елнұр Абдураиымов бар. Ол 64 келі салмақта жеңімпаз атанды.

Елнұр қазірде әуесқой бокспен бірге кәсіпқойлықты да қатар алып келеді екен.

Қазақпараттың мәліметінше, Елнұр Абдураимов - бокстан Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ.

Ол 2015 жылы Азия біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көрінсе, 2017 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel