jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Семейде дау тудырған Мәншүк Мәметованың мүсінін алып тастады

: UGC

Семейде қоғам наразылығын тудырған Жеңіс саябағындағы Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні алынды деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: arnapress.kz
Фото: arnapress.kz: UGC

Айта кетейік, бұған дейін қазақтың қаһарман қызадарының бірі Мәншүк Мәметованың мүсіні көпшіліктің көңілінен шықпай, дау тудырған болатын.

Осы шулы жағдайға байланысты Семей қалалық әкімдігі мән-жайды айтып берді.

"Ағаш мүсін саябаққа сенбі күні, яғни 2 қараша күні қойылды. Ол қала тұрғындарының да, әкімдіктің де көңілінен шыққан жоқ, сол себепті оны орнынан алып тастадық", - дейді Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Оның айтуынша, сол саябақтағы кесілуі керек ағашты түбімен алып тастамай, мүсін жасау туралы идея пайда болған.

"Бізде мұндай тәжірибе болған. Қаладағы Абайдың ескерткішінің жанына ағаштан ойып домбыра, қобыздың мүсінін жасаған болатынбыз. Осы жолы Әлия Молдағұлова немесе Мәншүк Мәметованың мүсінін жасап көрейік дедік, бірақ ол сәтсіз шықты.
Келесі жылы Жеңістің 75 жылдығына орай Жеңіс саябағы толық реконструкцияланады. Ол жерде бұл мүсіннің тұруына қисын жоқ, сол себепті алып тастадық", - дейді ол.
Семейде дау тудырған Мәншүк Мәметованың мүсінін алып тастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.