57 жастағы ұстаз өзінен 10 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шықты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде 57 жастағы ұстаздың өзінен 10 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққаны туралы жаңалық пайда болды. Бұл мәліметпен журналист әрі тележүргізуші Гүлмира Әбіқай өз Instagram парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өз жазбасын "Мұғалімге махаббат кеш келеді" тақырыбымен бастаған журналист бұл жаңалықты оқырманы үш күн бұрын жолдағанын айтты.
"Қандай жаңалық десеңізші, құдды үнді махаббаты. Отырған ұстаз орнын тапты. Қыздың аты қашан да қыз демекші, 67 жастағы күйеу бала барлық дәстүрдің сақталуын талап етті. 57-дегі қалыңдықтың көпшілік алдында бетін ашып, отқа май тамызып, шаңырақты оң аяқпен аттады.
Құтты болсын, махаббат бойға қарамайды деп өткенде жазып ем, енді жасқа да қарамайтынын дәлелдеді. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, қартайғанда екеу болған қандай жақсы", - деді ол.
Гүлмира Әбіқай қазір мұндай жағдайлардың таңсық емес екенін де жасырмады. Ол өткен жылы қазақстандық Оралхан Байзақованың 58 жасында ЭКО-мен қыз босанғанын атап өтті.
KAZ.NUR.KZ редакциясы жұбайларға бақыт тілейді!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825719-57-zastagy-jel-adam-zinen-10-zas-lken-azamatka-trmyska-sykty-foto-video/