jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Тоқаевқа хат жазған мектеп оқушысы "қажетсіз" пәндерді алып тастауды сұрады

: Facebook

Алматылық мектеп оқушысы мемлекет басшысына хат жазып, балаларға демалуға уақыт беруді сұрады. Сондай-ақ, ол мектеп бағдарламасынан "қажетсіз" пәндерді алып тастауды өтінді деп жазады Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сюжеттен кадр: Еуразия бірінші арнасы
Сюжеттен кадр: Еуразия бірінші арнасы: UGC

Президентке хат жолдаған Ғалымжан есімді оқушы бірінші оқу тоқсанынан кейін балалар аз демалатынын айтып, каникулды 10 күнге дейін ұзартуды сұрады.

Одан бөлек, жеткіншек қиын әрі "қажетсіз" сабақтарды, атап айтқанда, "Жаратылыстану" мен "Өлкетану" пәндерін алып тастауды өтінді.

Сюжеттен кадр: Еуразия бірінші арнасы
Сюжеттен кадр: Еуразия бірінші арнасы: Twitter

Ғалымжан бұл сабақтардың орнына мектепте балаларға арналған тегін спорт секцияларын ашу қажет деп есептейді.

Барлық талаптарын хатқа түсірген мектеп оқушысы енді президенттің жауабын асыға күтуде.

Сюжеттен кадр: Еуразия бірінші арнасы
Сюжеттен кадр: Еуразия бірінші арнасы: Twitter

Баланың ата-анасы мемлекет басшысына хат жазу туралы шешімді Ғалымжанның өзі қабылдағанын айтады. Ал пікірін қағаз бетіне түсіруге ағасы көмектесіпті.

Нәтижесінде мектеп оқушысының жолдауы желіде пайда болды.

Тоқаевқа хат жазған мектеп оқушысы "қажетсіз" пәндерді алып тастауды сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.