Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім министрі Тоқаевқа жазған баланың хатына жауап берді

Жарияланған күні:

Алматылық Ғалымжан есімді мектеп оқушысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқушылардың демалыс уақытын созуын, сонымен бірге қажетсіз пәндерді мектеп бағдарламасынан алып тастауды өтініп, хат жазған еді. Оның өтінішіне білім министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Министр балаға жазған хатын оқығанын хабарлады.

"Сенің ойыңды құрметтеймін, бірақ менде бүкіл ел оқушыларының жауапкершілігі жатыр. Ғалымжан, Білім министрлігінің жұмысы сен және сенің достарың білімді адам болып өсулеріңе, Қазақстанның дамуына үлес қосуларыңа бағытталған", - деді Асхат Аймағамбетов.

Баланың "Жаратылыстану" және "Өлкетану" сияқты қиын әрі "қажетсіз" пәндеріне жасаған шағымына министр олардың мектеп бағдарламасы үшін маңызды және басқасын білместен екінші пәнді меңгеру мүмкін емес деп жауап берген.

"Жаратылыстану" сені қоршаған ортамен таныстыратын өте қызықты пән.
Ал "Өлкетану" сенің туып, өскен жеріңнің тарихын айтады. Егер сәл шыдасаң, оқу жылының соңына қарай осы пәндер бойынша жақсы нәтижеге жететініңе мен сенімдімін", - деді министр.

Сонымен бірге министр оқушыға демалыс уақытын неліктен созуға болмайтынын түсіндірді.

"Сен оқитын мектеп бағдарламасында сенің демалып, келесі тоқсанның басталуына күш жинап алуың үшін демалыс күндері жеткілікті етіп құрылған.
Мен сенің спортпен айналысамын деген талпынысыңды қолдаймын. Қазір сенің қалаңда спорттық мектеп секциялары бар, біз олардың санын үнемі арттырып отырамыз. Алматыда оқушылар сарайы мен үйлері бар, біз тағы да бірнеше осындай сарайлардың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.
Одан бөлек, олардың жұмыстары сен сияқты балалардың спортқа қызығушылығын жоғалтпай, спорттық, шығармашылық, көркем секциялар мен үйірмелерге қатысуын қамтамасыз ету үшін жасалады.
Ғалымжан, мүмкін сен чемпион немесе танымал ғалым боларсың.
Бірақ ең бастысы сенің жақсы адам болып өсуіңе, еліміздің беделді азаматы болуыңа тілектеспін", - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылық мектеп оқушысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап хат жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826002-bilim-ministri-tokaevka-zazgan-balany-hatyna-zauap-berdi/