RU
Күйеуі ынжық келіншек көрінгеннен қорлық көретінін айтып, мұңын шақты

Күйеуі ынжық келіншек көрінгеннен қорлық көретінін айтып, мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде мұңын шағып, сырын айтатын қыз-келіншектер қатары көбейді. Олар отбасындағы, жеке өміріндегі мәселелерін айтып, көптен кеңес сұрауды әдетке айналдырған. Осындай тағы бір келіншек, күйеуінің ынжық екенін, соның салдарынан араққұмар қайын атасынан таяқ жеп жүрген ол қайда барарын білмейді деп жазады Алаш айнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Менің де тағдырым алып қашқан қыздардың жайынан асып бара жатқан өзгешелігі жоқ. Сүймедім. Танымадым. Күйеуімнің болмысы - ынжық. Жұрттың ықылауынсыз өмір сүре алмайды. Өзі ештеңе ойланбайды. Өзіне не керек екенін ойланбайды да. Мені жеңгелері мақтауымен жар қылды. Ол үшін біреу ойланып, біреу шешім қабылдағанға үйренген.

Мейлі, үйде бар мəселені атам шешеді. Атам ащы суға жақындығы бар. Ішіп алса, ешкімді танымайды. Аузына келгенді құсып, үйден қуалайды. Түн болсын, күн болсын бəрі бір. Енем де қызық. Ол кісіге атамның мінезі үйреншікті болып кеткен. Өткен ақпан айындағы атамның əрекетінен соң үйден кетіп қалдым. Ішіп келіп, итке тамақ бермейсің деп, мені таяққажықты. Енем арашаламады. Күйеуім де əкесіне қарсы шықпады.

Күйеуің ынжық болса, көрінгеннен қорлық көреді екенсің. Қайта үйге бару да оңай емес. Əкемді жерге қаратқым келмейді. Сол үшін күйеуіме бөлек шығуды ұсындым. Ол бөлек өмір сүруді ойланбайды. Күйеуім - момын жігіт. Арақ-шарапқа қызықпайды. Малсақ. Момынды жылатқым келмейді. Енді сол күйеуімнің жауабын тосудамын.

Күйеуіммен ұрсысып көрмеппіз.Ажырасып кетуге қимаймын.Ал ене мен күйеу тұрып атаңнан таяқ жеу қатты жаныма батты.Ол үйге барғым келмейді.Қиналып жүрмін.Жеңгемнің де ұл –қыздары бар. "Шыққан қыз шиден тысқары" деп жеңгемнің мен барғалы қабағы ашылмады.Қайда барамын?", - деді көптің кеңсіне мұқтаж келіншек.

Сіздің реакцияңыз
10
1
0
20
0
25
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel