jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Көше сыпырған оқушы желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

: Facebook

Тараздың мектеп оқушысы Абылайхан Қуантай қолына сыпыртқы алып, орталық саябақ жанындағы жаяу жүргіншілер жолын тазартып шықты деп хабарлайды "Хабар 24"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Баланың жолды сыпырып жатқан видеосы әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Желі қолданушылары оқушының әрекетіне тәнті болды. Ал Абылайхан осылайша өзіне адамдардың назарын аударамын деп ойламаса да керек. Ол жасаған әрекетінде таңғалатын ештеңе жоғын айтады. Мектеп оқушысы күзгі демалыс кезінде дала сыпыруға күнде шығады екен. Айтуынша, үйде тірліксіз отырудан іші пысқан.

"Үлкендердің көше тазартып жүргендерін жиі көремін, сондықтан да оларға көмектесуді шештім. Өз ауламды сыпырғанды жақсы көремін, барлық жердің таза және жайлы болғанын қалаймын. Егер де әркім осындай игі істер жасаса, қаламыз бұдан да көрікті бола түседі", – дейді №23 мектеп оқушысы Абылайхан Қуантай.

Мектеп мұғалімдері оның ынталы оқушы екенін және көпбалалы отбасыдан шыққанын айтады.

"Ол еңбекқор, өз Отанын қалай сүю керектігін және қалай үлес қосуға болатынын барлығына үлгі етіп көрсетті", – дейді мектеп директоры Ардақ Рысбаева.

Көше сыпырған оқушы желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.