Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күлкі дегенді ұмыттық": Нұрлан Еспанов алғаш рет әйелінің дерті туралы айтты

Жарияланған күні:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрлан Еспанов әйелінің аса ауыр дертке шалдыққан кезін есіне алды. Танымал әнші жұбайының денсаулығы үшін қатты қорыққанын айтып, қиын сәтте қасынан кімдер табылғанын жеткізді деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еспанов алты жыл бойы ән жазбауына әйелінің дерті себеп болғанын жасырмады.

"Қазіргі таңда жағдайы жақсы. Басында біз қатты қорқып кеттік. Біраз уақытқа дейін қорқып жүрдім. Сегіз айға дейін өз-өзіме келе алмай жүрдім. Күлкі дегенді ұмыттық, баяғы Нұрлан жоқ. Көптеген достарыңды іздемейсің. Дигнозы бір шетінен созылмалы дұрыс болып шықты. Содн кейін, ол да қорқып қалған. Психологиялық тұрғыдан кетіп қалған қиын ғой. Мен өзім де кетіп қалдым психологиялық жағынан.

Ақша тек еркіндік үшін ғана керек екен. Бір жерге барып отырсаң да, қонақ шақырсаң да. Маған ақша тек қонақ шақыру үшін ғана керек болған екен. Сонда дос та жоқ шығар деп ойладым. Сол миллион достың ішінен бір бес-алтауы табылды ғой. Мен келіншегім ауырып жатқанын айтып, Кореяға ем алуға баруға ниетті екенімді түсіндірдім. Көмек керек екенін де айттым. Сол кезде маған Заңғар, Қайрат деген достарым сонау Шымкенттен атсалысты.

Асылхан Ержан деген достарым маған белгілі мөлшерде ақша салып жіберді. Сол ақшаны алдым да, Кореяға кеттім. Біраз уақыт сол жақта болдым. Барлық анық-қанығын біліп, созылмалы екенін білдік. "Ештеңеден қоырқпаңыздар" деді. Осы жерге қайта келіп, біразға дейін депрессиядан шыға алмай жүрдік. Қазір енді біраз жыл өтті ғой. Бүгінде жағдайы жақсы" , - деді Еспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826678-klki-degendi-myttyk-nrlan-espanov-algas-ret-jelini-derti-turaly-ajtty/