RU
Көлік иелерінің күйзелісі: Жолда жүйке жұқартпау үшін не істеу керек?

Көлік иелерінің күйзелісі: Жолда жүйке жұқартпау үшін не істеу керек?

Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта автокөлік халық, әсіресе үлкен қалалардың тұрғындары үшін адамның әл-ауқаты мен сән-салтанатын көрсететін дүние болудан қалып, күнделікті қажеттілікке айналып барады. Жолда өткізетін уақытымыз ұлғайып, кірісіміздің басым бөлігін темір тұлпардың қажеттілігіне жұмсайтын болдық.

Жол үстінде стресстен қалай құтылуға болады?

Фото: unsplash.com

Рөлде отыратын жүргізушілердің мінез-құлқын талдаған америкалық ғалымдар көлік иелері сезінетін стресс парашютпен секіргенде пайда болатын қысыммен тең деген қорытынды шығарыпты. Рөлге отырып, жолға шығу жүйкені жұқартатын іске айналды. Мысалы, үлкен қала тұрғындары 8-10 жыл көлік айдаған соң жолда шиеленіскен жайттарға және рөлдегі үрейге байланысты өздерін жайсыз сезініп, ми тынықтыруды қажет етеді екен.

Осының бәрін ескерсек, кез келген көлік иесіне өзін алаңсыз сезінуге мүмкіндік беретін қорғаушы дүниелер керек екенін түсінеміз.

Осындай құралдардың бірі – көлік сақтандыру. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез келген автокөлік иесі басқа автожүргізушілер алдында өз жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі арқылы рәсімдеуі тиіс. Міндетті сақтандырудан бөлек, көлікті тікелей қорғайтын "каско" ерікті полисін де сатып алуға болады.

Сақтандыру рәсімдеген үлкен маңызға ие, себебі бұл арқылы сіз ең алдымен өз қаржылық тұрақтылығыңызды қорғайсыз. Қандай да бір жайсыз оқиға болса, кез келген сақтандыру ұйымының, мысалы, Amanat компаниясының, клиенті бола отырып, сіз өз қалтаңыздан шығын шығарудың орнына сақтандыру төлеміне сенім арта аласыз.

Міндетті сақтандыру қалай көмектеседі?

Басқа жүргізушілер алдында жауапкершілікті міндетті сақтандыру сіздің кінәңізден жол-көлік оқиғасы болса және одан басқа адамның автокөлігі зардап шексе, оны қалпына келтіру және жөндеуге ақшаны сіз емес, сіздің сақтандыру компанияңыз төлейтінін білдіреді.

Бұл ереже кері бағытта да қолданылады. Егер сіз басқа жүргізушінің кінәсінен жол-көлік оқиғасынан зардап шексеңіз, Amanat сақтандыру компаниясы заңмен қарастырылған тікелей реттеуді пайдалануды ұсынады. Яғни, сіздің міндетті сақтандыру полисіңіз Amanat-тан сатып алынса, онда төлемді де осы компаниядан ала аласыз. Сізге кінәлі азаматтың сақтандыру компаниясына барып, жол апатына кінәлі емес екеніңізді дәлелдеудің, құжат жинаудың қажеті жоқ. Оған қоса, басқа компания сіздің шығындарыңызды тез әрі толық өтеуге аса қызығушылық танытпайды. Amanat тез және толық көлемде төлем алуға көмектеседі.

Ал "Каско" қалай жұмыс істейді?

"Касконы" ерікті түрде сатып аласыз. Басқа жүргізуші алдындағы жауапкершілігіңізді ғана есепке алатын міндетті сақтандырудан айырмашылығы келесі: "Каскода" автомобильдің өзі әртүрлі қатерлерден сақтандырады.

Қандай қатерлер деп сұрайтын шығарсыз. Бұл сақтандыру компаниясына байланысты. Біреу негізгі қатерлерді ғана ескереді, енді бір ұйымдар автокөлік иесі тап болуы мүмкін сақтандыру жағдайларының барынша кеңейтілген тізімін ұсынуға тырысады. Мәселен, Amanat-тан алынған "каско" мұндай қатерлердің ең көп санын сақтандырумен ерекшеленеді. Өрт, жарылыс, жол-көлік оқиғасы, дүлей апаттар, көліктің ұрлануы, басқа заттардың құлауынан, кедергілерге соғылудан, адамдардың іс-әрекетінен, жолдың бұзылуынан және басқа көптеген жиі әрі сирек кездесетін жағдайлар Amanat сақтандыруымен қарастырылған.

"Каско" таңдағанда сізге ұсынылған қатерлердің детальдарына назар аудару керек. Мысалы, көп компаниялар айна ұрлығынан сақтандырады. Бірақ шартта "гравировкасы жоқ айна үшін төлем жүргізілмейді" деп көрсетуі мүмкін. Немесе көліктің ұрлануы қатерлер тізімінде болуы ықтимал, бірақ сақтандыру жағдайында төлем алу үшін сізге автокөлікті күзетілетін тұрақта қалдыру қажет. Ал Amanat өз клиенттеріне айналарда гравировканың жоқтығына қарамастан немесе кілттермен және құжаттармен бірге кез келген уақытта кез келген жерден автокөлікті айдап әкеткен жағдайда да ақша төлейді.

Сақтандыру компаниясын қалай таңдау керек?

Автокөлік иелері сақтандыруды қай компанияға сеніп тапсыру қажеттігін көп ойлап жатпайды. Әдетте олар үйреншікті сақтандырушыны немесе бағасы жақсы компанияны таңдайды.

Дегенмен, сақтандыру өміріңіз бен автокөлігіңді аман алып қалмайтынын, оның орнына қаржылық тұрақтылық сыйлайтынын есте сақтау керек. Сондықтан, сізге сапалы әрі тиімді қызмет ұсынатын, сізбен достық қарым-қатынас орнататын сақтандыру компаниясын таңдаған жөн.

Бірінші кезекте, сақтандыру компаниясын таңдағанда сақтандыру жағдайы туындаған кездегі төлем жылдамдығы, құжат жинау мен төлемдер алу сәтіндегі қиындықтың аздығы, сондай-ақ, қосымша қызметтер сынды нәрселерге назар аудару қажет.

Amanat сақтандыру компаниясы нарықта бірінші болып 4 күн ішінде төлем жасай бастады. Қазір бұл мерзім 1 күнге дейін азайды. Яғни, сіз белгілі бір жағдайларда ақшаны жол-көлік оқиғасынан кейін келесі күні ала аласыз. Сондай-ақ, компания қызметкерлері сізге құжат жинауға көмектеседі.

Одан бөлек, Amanat автосақтандыруын сатып алғанда (міндетті полис пе, әлде "каско" ма, маңызды емес), компания клиенті әрдайым тегін техникалық көмекке сене алады. Яғни, қажет болса, компанияның апаттық комиссары аккумулятор отырып қалған кезде қозғалтқышты іске қосуға көмектеседі; жанармай бітіп қалса, жеткізіп береді; дөңгелекті ауыстырады немесе үрлеп береді.

Автомобиль сынған кезде, тіпті жол-көлік оқиғасы емес, механикалық мәселе болса да, Amanat тегін эвакуатор ұсынады.

Жол-көлік апаты болғанда компанияның апаттық комиссары әрдайым клиенттің жанында болады. Ол құжат жинап, оқиғаға қатысушылармен және жол полициясы қызметкерлермен келіссөздер жүргізеді.

Бұл қызметтердің барлығы тәулік бойы қолжетімді.

Amanat автосақтандыруын www.amanat24.kz сайтынан немесе 7310 тегін нөміріне хабарласу арқылы сатып алуға болады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel