RU
Омыртқасына 11 сағаттық ота жасатқан Әлішер Каримов елді алаңдатты (видео)

Омыртқасына 11 сағаттық ота жасатқан Әлішер Каримов елді алаңдатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарының бірі Әлішер Кәрімов бұған дейін ешкімге тіс жармаған құпия отасы туралы бар шындықты айтты. Әнші омыртқа жотасының қисаюы салдарынан күрделі дертке шалдығып, он бір сағаттық ота жасатқан болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәрімов ауыр отасы жайлы бар сырын Instagram парақшасында тарқатқан. Ол сколиоз дерті кесірінен қандай қиындықтарға тап болғанын баяндап берді.

"Менде омыртқа жотасымен қиындықтар туындаған. Ол кезде жасым небәрі 15-те еді. Бастапқыда мен айтарлықтай жайсыздықты сезінбедім. Менің арқам ауырмайтын, түрімнен де дертім байқалмады.

Алайда, кейіннен арқамның оң жағынан "өркеш" шыға бастады. Бұл омыртқа жотасы одан бетер қарқынды түрде қисайып жатқанымен байланысты болды.

Уақыт өткен сайын жағдайым ушыға берді. Келесіде менің сол жақ қабырғам көтеріле бастады. Әрине, аңсаған армандары бар жас жігіт ретінде мен бірден өз денемнен ұяла бастадым.
Біреудің алдында тым жақын арақашықтықта жүре алмайтын күйге түстім. Әлдекім байқап, сұрақтың астына алар еді. Барлық костюмдерімді дене бітіміме сай етіп жасауға тура келді" , - деп бастады әнші.

Әлішер Кәрімовтың айтуынша, ақыр-соңы дерті салдарынан ол он бір сағат бойы ота жасатқан.

"Ең қорқынышты кезең орын алды. Мен тез шаршайтын болдым. Мәселен, мен екі сағат бойы ән салуым үшін мен горизонталды күйде бес сағат жатып, өте ұзақ өз-өзіме келуім қажет болған.

Сол кезде отаны кейінге қалдыру мүлде мүмкін емес болып кетті. Мен оны сол сәтте-ақ жасауға дайын едім. Алайда, ол кезде оған қажет қаржым болмады. Араға тоғыз жыл салып, мен Корея еліне бардым.

Профессор маған жағдай одан бетер күрделеніп кеткенін айтып, алдыма таңдау қойды. Достар он бір сағаттық отам жайлы және одан кейін қандай күйде болғанымды айтып берейін бе?" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
11
3
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel