Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы күн: Асылхан Төлеповке "оқ тиген" сәттің видеосы жарияланды

Жарияланған күні:

Instagram желісінде Асылхан Төлеповті белгісіз біреудің "атып тастаған" видесы жарияланып, көпшілікті шошытты. Алайда, уайымдауға еш негіз жоқ болып шықты. Аталмыш бейнежазба танымал актер түскен кезекті фильмнің түсірілімі кезінде жасалған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асылхан Төлепов өзін әлдекімнің атып жатқан сәтімен Instagram парақшасында бөліскен.

Актердің айтуынша, ел арасында қызу талқыға түскен видео фильм түсірілімінің ең соңғы күні таспаланған.

"Соңғы күн, соңғы сахна, соңғы кадр: болды, енді актердің қажеті жоқ. Оны атып тастауға болады. Бастысы костюмды былғап алмасақ болды" , - деп жазған ол.

Кейбір желі қолданушылары видеоның астындағы жазбаны елемей, актерді расымен біреу атып тастады деген ой түйген.

Олардың пікірінше, қарудан оқ жауған сәт адамды сендіретіндей шынайы болып шыққан.

"Өмірің ұзақ болсын, мына сахнаң аса шынайы болып шығыпты" , "Сіз тура шынымен өліп қалған адамның кейпіне оп-ңай еніпсіз" , "Шеберлігіңізге тәнтімін. Беріліп ойнайсыз, сол себепті әрбір сахнаңыз шынайы болып шығады" , "Алаңдатып қойдыңыз ғой, шынымен атып тастады ма деп ойлап қалдым", - деп жазуда көпшілік.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бірнеше тілде еркін сөйлейтін қазақ жігітінің видеосы желіде хит болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827681-asylhan-tlepovke-ok-tigen-video-zelide-kyzu-talkyga-tsti/