Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашының стилін өзгерткен Салтанат Бақаева желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Әнші, актриса Салтанат Бақаева шаш үлгісін өзгертіп, желі қолданушыларының қызу талқысына түскен. Оқырмандар тіпті өнер иесін танымай қалғандарын жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Шаш үлгісін өзгерткен суретімен актриса өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Әрбір қара түннен кейін жарқырап күн шығатынын ұмытпаңыз. Бәріне тек уақыт керек...Салон шебері Фаина шашымның үлгісін өзгерте отырып, қазіргі менің көңіліме қажетті әңгіме қозғады. Кеңесіне құлақ асып "Өз сырқатыңда сүйе түс" кітабын оқи бастадым, өте қызықты екен...", - деп жазған ол.

Желі қолданушыларының пікірі әншінің жаңа образына қатысты екіге бөлінген.

Олардың бірі: "Өзіңізге ұқсамай қалғансыз", "Бұрынғы шаш үлгіңіз жақсы еді" деген пікірлерін жазса, енді бірі "Әдемі жарасады", "Сұлусыз", "Танымай қалдық", "Қысқа шаш жарасады екен" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, биылғы жылы Салтанат Бақаева белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловпен бірге "Екі жұлдыз" жобасына қатысуда.

Жұлдызды жұп бағдарламада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көптің ыстық ықыласына бөленуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827774-sasyny-stilin-zgertken-saltanat-bakaeva-zelide-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel