RU
Минус 25: Нұр-Сұлтан мен Қостанайда мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылды

Минус 25: Нұр-Сұлтан мен Қостанайда мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

20 қараша күні Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-9-сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: cheltv.ru

Көрнекі фото: cheltv.ru

Тиісті хабарлама елорда білім басқармасы басшысының Facebook парақшасында пайда болды.

Gismeteo сайтының ақпаратына сәйкес, таңғы сағат 9-да Нұр-Сұлтанда термометр бағаны 26 градус нөлден төмен болды. Температура 31 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Одан бөлек,таңертең теромометр бағаны 26 градус аяды көрсетуіне байланысты Қостанайда да 0-7 -сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қалалық білім бөліміне сілтеме жасаған "Костанайские новости" мәлімдеді.

Ата-аналар мектеп оқушыларына сабақтың тоқтатылғанын сенімді дереккөздерден анықтау қажеттігін айтады.

Бұл ақпарат қала әкімдігі мен облыстардың ресми ресурстарында және білім басқармасының ресми парақшасында пайда болады деп хабарлайды елордалық әкімдік сайты.

Одан бөлек, 109 нөміріне хабарласып, диспечтерден сұрауға болды.

Сабақтың болмайтынына қатысты ақпаратты Төтенше жағдай жөніндегі департамент те қазақстандықтардың телефонына жібереді.

Елорда тұрғындары сабақтың тоқтатылғанын SmartAstana қосымшасы арқылы біле алады. Бірақ, ол үшін хабарламаға жазылу керек.

Негізінен, бірінші ауысымда оқитын балаларға сабақтың тоқтатылғаны жөніндегі ақпарат таңғы 6-да, екінші ауысымда оқитындар үшін түскі 12-де белгілі болады.

Егер мектеп оқушылары ақпараттан хабардар болмай, сабаққа келетін болса, оларға кесте бойынша толық сабақ күні өткізіледі. Бірақ, ұстаздар бұл күні бақылау жұмыстары мен жаңа тақырыптар жүргізбеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel