jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Адам жас қосқан сайын неліктен артық салмаққа ие болады

    : Instagram

    Ғалымдар неліктен адам жасына жас қосқан сайын семіре беретінін анықтады. Зерттеу нәтижелері Cell Metabolism журналында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости-ге сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Қартаю кезінде дененің майды жағу қабілеті төмендейді және ол тері астына, бұлшық еттерге, ішкі ағзаларға жинала бастайды. Іш қуысында ішкі майдың жинақталуы әсіресе байқалады. Бұл іш немесе висцеральды май деп аталады. Оның артық мөлшері семіздікке, екінші типі қант диабетіне және қабыну ауруларына алып келеді.

    Йель мектебінің салыстырмалы медицина және иммунобиология профессоры Виша Диксит бастаған АҚШ пен Германия ғалымдары кәрі тышқандарды бақылау арқылы құрсақ майындағы иммундық В жасушалары кенеттен өсе бастағанын байқаған. Бұл метаболизмнің бұзылуына және қабынуға алып келетіні белгілі болған.

    Мақала авторларының пікірінше, инфекция жас ағзаға енген кезде В жасушалары көбейеді, содан кейін инфекция жеңілгеннен кейін олар бастапқы қалпына келеді. Қартайған сайын олар азайып, іштің майында қалады, бұл семіздікке және созылмалы қабынуға алып барады.

    "Бұл қант диабеті мен метаболизмнің бұзылуына бейім", - деді Диксит.

    Зерттеушілер май В жасушаларда жақын макрофагтардан сигнал қабылдау арқылы өсетінін анықтады.

    Одан бөлек, олар макрофагтардың сигналын азайту және май жасушаларын алып тастау арқылы В жасушаларының кеңею процесін өзгертуге және организмді жасқа байланысты метаболикалық аурулардан қорғауға болатындығын анықтады.

    Бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. В-жасушаларының көбеюін басқаратын ақуыздардың көрінісін төмендететін цитокин IL-1B, жүрек ауруларынан қорғауға арналған дайындықта қолданылады.

    "Біз бұл препарат қарт адамдарда іш қуысының майындағы В жасушаларының өсуін азайта ала ма, жоқ па, соны зерттеуіміз керек", - деді Диксит.
    Адам жас қосқан сайын неліктен артық салмаққа ие болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.