Әйгілі түрік актерлерімен жұмыс істейтін қазақ қызы олар туралы шындықты айтты
Жарияланған күні:
Қостанайлық Әсел Байқанова Түркия еліне көшіп, сонда бес жыл бойы тұрып келеді. Түрік телехикаяларын өзге елдерге аударып жұмыс істейтін ол көпшілік экрандардан көретін әртістердің біразын түсірілім алаңында көрген. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген қостанайлық ару қазақ актерлеріне түрік әріптестерінен нені үйрену керектігін айтты.
- Әсел бұған дейін берген сұхбаттарыңызды оқып, Түркияда бес жыл бойы тұрақтап қалғаныңызды білдік. Қазір жергілікті тұрғындардың бірі болып кеткен шығарсыз? Туған еліңізді сағынбадыңыз ба?
Түркия маған қатты ұнайтынын айтудан жалыққан емеспін. Мұнда сені жат елден келдің деп бөлектетпейді керісінше қонақ деп күтеді. Халқы өте ашық, қонақжай. Олар қазақтарға "бауырларымыз" деп қарайды. Қазақстанды әрине сағынамын себебі ата-анам, туыстарым мен достарымның бәрі сонда ғой. Елге жыл сайын екі рет келіп тұрамын.
- Сізді шыны керек, желідегі парақшаңыз арқылы таптық. Блогерлікке қашан бет бұрдыңыз?
Парақшамды белсенді түрде жүргізе бастағаныма бір жылдан астам ғана уақыт болды. Осында төрт жылдан астам бойы уақыт бойы тұрғандықтан өзім көріп-білген жерлер, дәм татқан тағамдармен көпшілікпен бөлісуді жөн көрдім. Осылай блогер атанып кеттік.
- Түрік асханасының бай екенін білеміз? Сүйікті тағымыңыз бар ма?
Әрине түріс асханасының тарихы бай, сол себепті оларда көптеген тағамдардың түрлері бар. Түріктің таңғы астарының өзі қайда жатыр? Сондықтан кез келген адам түрік асханасымен танысып, тек бір тағамын ғана ұнатып қалады деп ойламаймын. Әр тағам өзінше дәмді тек таңдай білсеңіз.
- Түрік телехикаяларын аударып, аудармашы болып жұмыс істейтініңізден де хабардармыз... Түрік актерлері өмірде қандай? Жұлдыз аурумен ауырмай ма? Ең қарапайым түрік актерлері кімдер?
Олар көпке ашық ешқашан сізбен сөйлесуден, тілдесуден қашпайды. Мысалы қазір атағы жер жарып тұрған "Ветреный" телехикаясындағы басты роль Рейянды сомдайтын Эбру Шахин шын өмірде өте қарапайым актриса. Сосын "Қара севдадағы" Мелиса Аслы Памук, Неслихан Атагүлдің жұбайы Кадир Догулу – өте ашық, қарапайым адамдар. Сол сияқты тізе берсе көп. Көпшілігі өзін Голливуд актері деп есептемейді, былайша айтқанда өздерін жұлдыз санамайды.
- Соңғы 10-15 жылда түрік телехикаялары әлем бойынша миллиондаған адамдарың жүрегін жаулап алды. Қазақстан кинематографиясы сол деңгейге жету үшін не істеу керек?
Алдымен қандай телехикая болмасын оның жетістігінің ар жағында барлық түсірілім тобының үлкен еңбегі жатқанын ұмытпау керек. Түріктер өте эмоцияға бейім халық, олар әлдекімнің қайғысы үшін шын мұңайып, қуанышы үшін бар көңілімен қуанады. Сондықтан әртістік олардың бойындағы туа бітті қасиет шығар.
Сосын олар осы киноларымен өздерінің тамаша табиғатын көрсете білді. Яғни көрермен тек әдемі табиғат көрінісін көру үшін де түрік сериалдарын үзбей көреді. Олар телехикаялары арқылы елдегі туризмді дамытуға көп үлес қосты. Былай қарасаңыз сол әдемі табиғат Қазақстанда да бар. Мысалы жақында ғана түріктің Каппадокиясы сынды үстірт өзіміздің Маңғыстауда бар екенін білдім.
Сосын олардың Қара теңізіне біздің Алматы таулары мен оның баурайы, Бурабай ұқсайды. Сондықтан телехикаяларға тек жақсы актерлерді ғана таңдамай әдемі картина, декорацияны да таңдай білу керек.
Біздің актерлер де талантты, бірақ кез келген рөлді алып шығу үшін оны шынайы ойнағаннан асқан талант жоқ деп ойлаймын. Актерлік мамандық негізі өте қиын мамандық. Нағыз актер болып туу керек деп ойлаймын.
- Түрік телехикаяларының өміршеңдігі рейтингтерге байланысты ғой?
Иә оларда солай, егер актерлер шынайы ойнамаса онда ол ойнайтын телехикаяны да ешкім көрмейді деп ойлай беріңіз. Яғни көп ұзамай ол жоба жабылады деген сөз. Сондықтан бәрі актерлердің ойыны мен олардың рольді барынша шынайы ойнауына байланысты.
-Біліуімізше басыңыз бос, сол жақта ойдағы "ханзадаңызды" кездестіріп жатсаңыз Түркияда қалуға дайынсыз ба?
Қазақстанда қазір кездестіріп жатсам, қазір-ақ елге қайтуға дайынмын!
Әңгімеңізге рахмет!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828172-jgili-trik-akterlerimen-zmys-istejtin-kazak-kyzy-olar-turaly-syndykty-ajtty/