Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ қыздары етек көтеріп жүр": "Жабайы Арман" жастарға үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Жақында ғана Instagram әлеуметтік желісінде қазақ халқының бірлігі мен батылдығын көрсету мақсатында челлендж бастаған Арман Жұмагелдиев баршаға алғысын білдірді. Қылмыс әлемінде "жабайы Арман" лақап атымен танылған ол қазақ жастарын ынтымақта болуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақтарды қар барысы мен сұр қасқырға теңеген "жабайы Арман" өзіне ақ ниетін білдірген жандарға рахмет айтты.

"Сәлемдерін беріп, "қазақ батыры" деп жатыр. Сендердің ақ ниеттеріңе рахмет! Менің видеомда біздің жастарымыздың басы қосылып, рухы оянса деген мақсат болды",- деді ол.

Жұмагелдиев бүгінгі қазақ жастарына қатысты мәселені де қозғады.

"Қазір қаншама қазақ қыздары етегін көтеріп жүр, ал ұлдарымыз ар-намыссыз болып кетті. Соның барлығын жойып, намысшыл халық болайық.

Жастарымыз есірткіге отырса, қыздарымыз етегін көтеріп жүрсе, біз халық болмаймыз, жер болмаймыз. Біз ата-бабамыздан қалған қағидаларды, дінімізді ұстанайық.

Қазақтың ең жаман тұсы - бір-бірімізді сатып келе жатырмыз. 1936-1938 жылдары қанша тұлғалар атылып кетті. Оның жаулары тек қазақтар болды.
Руға, жүзге бөлінбейік. Бір болайық. Ата-бабаларымыз сияқты бүкіл әлемге өзімізді танытып, қазақ екенімізді білдірейік. Сол мақсатпен жүрейік",- деп түйіндеді қылмыс әлемінің серкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828317-kazak-kyzdary-etek-kterip-zr-zabajy-arman-zastarga-ndeu-zasady-video/

pixel