RU
Қазақстандық қылмыс әлемінің серкесі "жабайы Арман" челлендж бастады (видео)

Қазақстандық қылмыс әлемінің серкесі "жабайы Арман" челлендж бастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қылмыс әлемінде "жабайы Арман" лақап аты бар Арман Жұмагелдиев отандастарын өз мәдениетін ұмытпауға және оны желідегі суреті арқылы көрсетуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жабайы Арман" қазақстандықтарға қар барысы сияқты батыл және бірлікте болу қажет екенін айтты. Оның сөзінше, қазақ халқы сұр қасқырларға ұқсас ұйымшылдық керек деп жазады ztb_kz.

Қылмыс әлемінің серкесі қар барысы мен сұр қасқырды қолмен қалай көрсету қажет екенін де түсіндірді.

Бейнежазба кадрларнан челленджде отандық әнші Қайрат Нұртас, КТА ойыншысы Нұрдәулет Шертім және басқа әлемдік жұлдыздар қатысқанын аңғаруға болады.

Дәл осылай "жабайы Арманға" ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмағомедов те сәлем жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Instagram әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, ресейлік БАҚ беттерінде "заңдағы ұры" Лоту Гулидің (шын аты-жөні Надир Салифов) Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкесі "Жабайы Арманмен" (шын аты-жөні Арман Жұмагелдиев) түскен суреті пайда болды.

Басылым хабарлауынша, қазақстандық соңғы уақытта басқа "заңдағы ұры" Квежовичті (шын аты-жөні Гурам Чихладзе) Түркияда Салифовпен кездесуі барысында ұрып тастағаны арқылы танылған.

Сіздің реакцияңыз
9
2
5
2
4
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel