Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұстаз - 1 млн, еден жуушы - 300 мың: Қазақстандықтар жұмыс орындарындағы жемқорлықты айтты

Опубликовано:

Түркістан облысының тұрғындары жұмысқа тұру үшін ақша төлейміз деп шағымданды. Тариф 200 мың теңгеден басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бақтияр Әбдірахманов от жағушы болып қызмет еткенін, жалақысы 60 мың теңге болғанын айтты. Ер адам АӘК алу үшін жұмыстан шығып кетіпті. Жәрдемақы ала алмаған ол жұмысына да оңайшылықпен қайта алмаған.

Бақтияр бұрынғы жұмыс орнына оралу үшін өзінен ақша талап етіп отыр дейді. Оның сөзінше, жұмыс берушінің өз ставкасы бар.

Индира Отынбаеваның мамандығы заңгер. Оның сөзінше, декретке шыққанша жұмысқа шығу жолдарын іздеген, алайда ол да кіре алмапты. Қыздың айтуынша, жұмысқа орналасу үшін одан 500-600 мың теңге талап еткен.

Индира өзінде мұндай ақша жоқ екенін айтып отыр. Отбасында тек күйеуі ғана жұмыс істейді, жалдамалы пәтердле тұруға мәжбүр. Келіншек декреттік демалыстан шыққаннан кейін қайтадан жұмыс іздеп көруді жоспарлап отыр. Ол мамандығымен қызмет еткісі келеді.

Ал жергілікті шенеуніктер болса, мұндай мәселелермен күрес жүргізіп отырғанын алға тартады. Әкім Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, аталған салада жемқорлық жоқ, импровизацияның арқасында онымен күресу мүмкін болған.

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта Түркістан облысындағы кез келген әлеуметтік мекемеге жұмысқа орналасу арнайы портал арқылы жүзеге асады. Шүкеевтің ойынша, жаңа технологиялар жемқорлықпен күрес барысында ең тиімді әдіс болып отыр.

Десе де, облыстың кейбір тұрғындары мұндай сипаттағы проблемалардың көп екеніне шағымданып отыр.

Жергілікті тұрғын Гүлмира Шикібаеваның айтуынша, еден жуушы болып орналасу үшін 300 мың теңге, ал мұғалім болу үшін 1 млн теңге беру керек. Әйелдің сөзінше, жол-құрылыс компаниясына жұмысшы болып орналасу үшін де осындай соманы беруге тура келеді. Ал полиция немесе өрт сөндіруші болу үшін 1,5 млн теңге ақша беру керек. Оның сөзінше, мұндай тәжірибе бұрыннан бар.

Жұмыссыз қалғандар Түркістандағы жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Нұртөлеген Ибраевтың айтуынша, адамдар орталыққа шынымен де жұмыс таб үшін келеді. Олар келіп, өтініш қалдырады, кейіннен бос орын пайда болған сәтте электронды жолдама алады.

Оның түсіндіруінше, жұмыс іздеушілер осы жолдамамен ұйым басшысына жүгіндеі. Соңғы шешімді жұмыс беруші компания қабылдайды.

Ибарев Орталықтың ұйым қабылдайтын шешімге ешқандай әсер ете алмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828447-staz---1-mln-eden-zuusy---300-my-kazakstandyktar-zmys-oryndaryndagy-zemkorlykty-ajtty/

pixel