Ақбота Керімбекова: Қырықтан асқанда таяқ жеген жаман екен
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздарының бірі Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін алғаш рет қалық көпшілікке жария етті. Анықталғандай, өнер иесінің өзінен кіші жолдасы оған қол көтеріп тұрған болып шықты. Нәтижесінде тіпті, әнші аураханадан бір-ақ шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKz" бағдарламасына сілтеме жасап.
Үш мәрте ажырасқан әртіс жас күйеуін өзі асырап, керегімен қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді. Оған қоса, танымал әншінің табысына күн көрген азамат ішімдікке салына бастаған.
"Осы үшінші рет тұрмысқа шығуым ақымақтық болды. Өзімнің ақымақтығымнан, мойындаймын. Мен өзім сезімге берілгіш адаммын. Бір ойым, бәлкім Алланың бір сынағы ғой. Көзіңді соқыр, құлағыңды керең қылып қояды. Ондай кезде жан-жағында ешкімді тыңдамай қаласың.Әйел болсам да, жағдайын қолымнан келгенше жасап, асырадым. Бүкіл қуанышы бар, жақсылығы бар" , - деді Керімбекова.
Әнші жолдасы өзінен бірнеше мәрте қол көтергенін растады.
"Иә, қол көтергені рас. Осы уақытқа дейін таяқ жемей жүріп, жасың қырыққа келгененнен кейін таяқ жеген жаман екен. Емханадан бір-ақ шықтым ғой. Мидың шайқалуымен түстім. Бірақ ішетін, ішеді. Білмеймін, бәлкім атыма, дүниеме қызыққан шығар" , - деді өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828450-akbota-kerimbekova-kyryktan-askanda-taak-zegen-zaman-eken/