RU
Гонконгта Қазақстанның 142 студенті жоғалып кетті

Гонконгта Қазақстанның 142 студенті жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Гонконгтағы жағдай қазақстандық Сыртқы істер министрлігн алаңдатып отыр. Жақында ғана ол елде Қазақстанның 19 жастағы азаматы ұсталған еді. Жігітті қолындағы Молотова коктейлімен ұстағаны хабарланды. Біздің елдің сыртқы саяси ведомствосы қазақстандықтарға Гонконгтен кетуге кеңес беріп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

СІМ берген кеңеске барлық қазақстандық жүгінбеген сыңайлы. "Астана" телеарнасының хабарлауынша, 142 адамның әзірге қайда екені белгісіз.

СІМ өкілі Айбек Смадияров наразылық акциялары кезінде ұсталып, қазір қамауда отырған бірінші курс студенті Нүкпи Әбілкайыр туралы айтты.

Шенеунік таратқан ақпаратқа сәйкес, жігіттен ешқндай шағым түспеген. Оның қолы жарақаттанғаны белгілі болды. Министрлік өкілдері студенттің ата-анасымен байланысқа шығып, қазақстандық тарап адвокат іздеуге кірісіп кеткен.

Полицейлердің наразыларды студенттік корпустар мен көшелерден ұстап жатқаны хабарлануда.

Гонконг полициясының өкілі Квок Качуенгтің айтуынша, шерушілер алған политехникалық университетте ұстау жалғасып жатыр. Тек кәмелет жасына толмағандарды ғана қамауға алмайды. Квоктың сөзінше, кәмелет жасына толмағандарды суретке түсіріп, арнайы базаға енгізіп жатыр.

Шамамен 6 айға жуықтаған наразылық шеруінде 4 мың адам ұсталған. Тұрғындар экстрадацияға қатысты заңға қарсы ереуілге шықты. Қазақстан Республикасынан келген студенттің неге бұл мүдделер күресіне қосылғаны белгісіз.

СІМ-де осындай сауал қойып отыр.

Смадияровтың айтуынша, ұсталған студент қатарластарымен дұрыс араласпаған, тұйық жігіт болған.

СІМ санауынша, 118 студент ереуіл болып жатқан қалалардан кетіп қалған, тағы 40 адам Гонконгтан жақын уақытта кетеді. Смадияров одан бөлек 142 студенттің қайда екені белгісіз деп отыр. Сондай-ақ, шенеунік студенттердің консулдық есепте тұрмағанын айтты.

СІМ қызметкерлері бұдан кейін Қазақстаннан келген бірде-бір студент шет елде бөтен амбразура мен басқалардың мүдделерін қорғауға қатыспайды деп үміттенеді.

Сондай-ақ, Гонконгтағы көптеген университеттер наразылықтардың жалғасып жатқанына байланысты шетелдік студенттерге өз еліне қайтуға кеңес берген.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Гонконгте жаппай наразылықтар ұйымдастырылып жатыр. Осыған байланысты СІМ қауіпсіздік мақсатында сол елде оқып жатқан қазақстандық студенттерді елге қайтуға шақырған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
8
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel