RU
Қайрат италиялық клубтан басым түсті

Қайрат италиялық клубтан басым түсті

Рассказать Вконтакте

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысының екінші турында Алматының "Қайраты" Италияның "Песаро" клубынан басым түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қос ұжым арасындағы кездесу тартысты өтті.

Есепті "Қайрат" клубы ашты. Алматылық ұжым қатарынан 5 минутта Эдсон ойындағы алғашқы голды соқты.

Осыдан кейін "Песаро" ойыншылары "Қайрат" қақпасынан қатарынан үш рет саңылау тапты.

Алматы қаласында ұтылуды намыс санаған оңтүстік астаналық клуб айналдырған он бес минуттың ішінде төрт гол соғып, жанкүйерлерді қуантып тастады.

27 минутта Эдсон қанжығасын майласа, 28-минутта Габриэл таразы басын теңестірді. Ал 29 минутта Луизиньо "Қайратты" алға шығарса, қорытынды есепті 40 минутта Біржан Оразов белгіледі.

Нәтижесінде "Қайрат" 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, екі турдың қорытындысы бойынша "Қайрат" турнир кестесінде үшінші орында тұр. Алматылық клубқа есе жіберген италиялық ұжым екінші орнын сақтап қалды.

Бірінші орында "Қайрат" алғашқы турда есе жіберген "Мурсия Эль-Посо" клубы тұр.

Португалиядан келген "Бенфика" екі ойында да есе жіберіп, турнирдің төртінші сатысына жайғасты.

Енді "Қайрат" 24 қарашада Португалияның "Бенфика" командасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel