Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Назиманы жанкүйерлері танымай қалды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық әнші Назима Жәнібекова жаңа шаш үлгісін көрсетіп, желі қолданушыларын таңғалдырды. Стилін өзгертіп тастаған шоу-бизнес жұлдызын көпшілік танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жәнібекова қара шашын сұр түске бояп, кекіл қиып тастаған. Образына енгізген өзгерістерін әнші Instagram желісінде көрсетті.
Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа стиліне қатысты екі түрлі пікір білдірген. Бірі жаңашылдық керек екені мен оған бәрі жарасатынын айтса, енді бірі оның табиғатынан қара болған шашы әлдеқайда жақсы екенін жазуда.
"Саған бәрі жарасымды, сондай сүйкімдісің" , "Анимедегі кейіпкер қызға ұқсайсың" , "Тамаша, жаңашылдық керек" , "Түк те жарасып тұрған жоқ. Өз табиғи шашың әлдеқайда жарасымды" , "Сұр түсті шаш енді тым ерсі" , "Маған ұнап тұрған жоқ. Өз қалпыңда қала беру керек еді" , "Ерекше әрі қайталанбас образ ғой" , "Жарайсың, өзгеруден және өзгеден өзгеше болудан қорықпа" , "Мына стиль жеңілтек қыздардың стилі сияқты" , "Не үшін бояп тастадыңыз?" , - деп жазада көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829012-sas-lgisin-zgertip-tastagan-nazimany-zankjerleri-tanymaj-kaldy-foto/