RU

Мешіт маңында күн суықта қайыр тілейтін әжей бұл жолға қалай келгенін айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінде мешіт, базар маңын жайлаған қайыршылардың арасынан бала құшақтаған келіншекті, орта жастағы әйелді тіпті қарияларды да кезіктіруге болады. Солардың бірі мешіт маңында өткен-кеткеннен садақа сұрайтын әжей. Қарт кісі бұлай қайыр тілеуіне не себеп болғанын жасырмай айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Замана басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жасы 70-ке таяған әжей мешіт маңына күндізгі уақытта келіп, үш-төрт сағат отырып кетеді екен. Тапқан нәпақасының күнделікті нанпұлға жарап тұрғанын айтады.

"Жасым – 69-да. Төрт қыз, бір ұлым бар. Үлкен қызым жолдасымен айырылысып кетті. Қалған қыздарымның да күйеу­лері оңып тұрған жоқ, жарытып жұмыс істемейді. Кенже ұлыммен бірге тұрамын. Ол әзірге үйленген жоқ.
Осыдан біраз уақыт бұрын несие алғанбыз. Үйіміз банкте "залогта" тұр. Небәрі 60 мың теңге зейнет­ақым ешнәрсеге жетер емес. Онымен сол несиені, коммуналдық қызмет ақысын төлейміз.
Бұл жерден тапқаным ас-суымыздан артылмайды. Қазір барлығы қымбат. Киімді мүлде сатып алмаймыз. Құдайына қараған адамдар киілген киімдерін осында әкеліп беріп жатады. Міне, осындайларды місе тұтамыз", – деп сөзін бастады қария.

"Ұл-қыздарыңыз сіздің осылай отырғаныңызға қалай қарайды? Қарсылық танытпай ма?" – деген сауалға әжей:

"Олардың өздері де күндерін әрең көріп жүрген жандар ғой" – деп қысқа қайырған.

Қайыр сұрап жүргенінен үш жылдай болған қарт кісінің жаз күндерінде бұл араға келмейтінін жеткізді.

"Ыстық ауа райы көзіме жайсыз тиеді. Ал басқа уақытта күз-қыс демеймін. Қарда да, жаңбырда да осындамын. Қайтейін енді, басқа амалым жоқ қой", - деп сөзін түйіндеді ол.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мешіт маңында күн суықта қайыр тілейтін әжей бұл жолға қалай келгенін айтып берді
Mailfire view pixel