Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрфин рейтингісі: Жылдап қаржы жинау үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс

Опубликовано:

Табыстың бір бөлігін жинап, мақсатқа жету үшін толтыру құқығымен қатар шешіп алудың қатаң шарттары бар депозиттер көмектеседі. Нұрфин редакциясы осындай салымдарды ашқандағы пайыздық мөлшерлемелермен танысты.

Нұрфин рейтингісі: Жылдап қаржы жинау үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс
Көрнекі фто: pixabay.com: UGC

Біз қазақстандық банктердің депозиттердің қай түрлерін ұсынатынын анықтадық. Ол жерде Нұрфин редакциясы алу және жинақтау құқығынсыз белгілі бір соманың ең үлкен пайызына жинақ депозиті арқылы қол жеткізуге болатынын анықтады.

Ең жоғары сомаға дейін толтыруға болатын салымдарға аз пайыздық мөлшерлеме белгіленген, бірақ оларды шешіп алуға шектеу қойылған. Мұндай депозиттер толықтыру құқығымен мерзімді және жинақтық болып бөлінеді.

Жедел депозиттер

Бұл белгілі бір мерзімге ашылатын салымдар. Оларды шектеусіз толтыруға болады. Мұндай салымдардан ақшаны төмендетілмейтін қалдыққа дейін алуға болады, бірақ олай болған жағдайда есептелген пайыздардың бір бөлігі айыппұл ретінде ұсталады.

Мұндай депозиттерді үш қазақстандық банктен ашуға болады.

Нұрфин рейтингісі: Жылдап қаржы жинау үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс
Нұрфин рейтингісі: Жылдап қаржы жинау үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс: UGC

Толтыру құқығы бар жинақ салымдар

Жоғарыда айтылған үш банктің екеуінде мүлде ақшаны шешіп алуға рұқсат етілмейтін жинақ депозитін ашуға болады. Олардың қатарына қазақстандық 11 банк жатады.

Депозиттің мұндай түрін қатты қажет болған жағдайда мерзімінен бұрын жауып тастауға болады. Сондай-ақ жиналған пайыздың негізгі бөлігі алынып тасталады. Ал ақша депозитті жабу туралы өтінішті толтырған соң бір айдан кейін беріледі.

Депозитті шектеусіз дерлік толтыруға болады. Алайда банктер әдетте салымға нақты лимиттер қояды. Егер сома ондаған миллиондардан асатын болса, онда асқан қаражатқа пайыз берілмейді.

Мерзім мен пайыздық мөлшерлеме

Рейтингімізде біз 2019 жылдың қараша айында өзекті толтыру құқығымен жинақ салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ұсындық.

Салымның мұндай түрін 3 айдан 60 айға дейін ашуға болады. Ең үлкен, яғни, бес жылдық мерзімге тек бір банкте жинақтық салым ашуға болады. Ол - Tengri Bank. Қысқа мерзімге AsiaCredit Bank пен Altyn Bank депозит рәсімдейді.

Біз даулы жағдайларда артықшылықты дәл осы қысқа мерзімді депозитке бердік, өйткені ол өз жинақтарын неғұрлым серпінді басқаруға және қысқа мерзімде пайда алуға мүмкіндік береді.

Үш айға арналған салымның ең жоғарғы пайыздық мөлшерлемесі - 12,4%. Оны AsiaCredit Bank пен Altyn Bank ұсына алады.

Жарты жылға ашылған салымның ең жоғарғы пайыздық мөлшерлемесі - 12,7%. Оны бес банк: AsiaCredit Bank, Банк ЦентрКредит, Банк Хоум Кредит, АТФБанк және Altyn Bank ұсынады.

Бір жылға ашылған салымның ең жоғарғы пайыздық мөлшерлемесі - 12,4%. Оны бірден бес банк: AsiaCredit Bank, Банк ЦентрКредит, Банк Хоум Кредит, Tengri Bank, Нұрбанк, АТФБанк, Altyn Bank пен Евразиялық банк ұсына алады.

Бір банк 13 айға 10,7%-бен салым ашуды ұсынады. Ол - Сбербанк.

Tengri Bank, сонымен қатар, өз клиенттеріне 12%-бен бір жарым жылға депозит рәсімдейтін жалғыз банк.

Екі жылдық салымды жоғарыда аталған барлық банктерден ашуға болады. Оған қоса ең жоғарғы мөлшерлеме - 12%. Оны 5 банк: AsiaCredit Bank, Банк ЦентрКредит, Tengri Bank, Нұрбанк пен Банк Kassa Nova ұсына алады.

Tengri Bank-тегі ең ұзақ мерзімге, бес жылға, ашылған жинақ депозиті бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 9,1% құрайды.

Үш жыл және бес жыл - айтарлықтай ұзақ мерзім. Алайда егер ұзақ уақыт бойы ақша жинауды ойласаңыз (мәселен, баланың оқуы немесе жаңа жиһаз алу үшін) онда толтыру құқығы бар жинақ депозиті бұл орайда жақсы көмекші болуы мүмкін.

Нұрфин рейтингісі: Жылдап қаржы жинау үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс
Нұрфин рейтингісі: Жылдап қаржы жинау үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1829658-nrfin-rejtingisi-zyldap-karzy-zinau-sin-kaj-bankten-depozit-askan-drys/

pixel