RU
Қаза тапқандар бар: Қызылорда маңында автобус аударылып қалды (фото)

Қаза тапқандар бар: Қызылорда маңында автобус аударылып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылып түсіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жантүршігерлік апат болды

Фото: KAZ.NUR.KZ

3 желтоқсан күні сағат 05: 25-те "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында мұздың салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлді басқара алмай, оның аударылып түсуіне себепші болған.

Дәл қазіргі сәтте оқиға орнында қаза тапқан төрт адам анықталды. Жапа шеккен 15 адам шығарылды. Құтқарушылар аапатты-құтқару жұмыстары жалғасуды.

"Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жантүршігерлік апат болды

Фото: KAZ.NUR.KZ

Автобус Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша жүрді. Жантүршігерлік оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған.

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті базасында жедел штаб құрылды. (7242) 24-41-61, 70-03-28 сенім телефоны жұмыс істейді.

Оқиға орнында 13 адам мен 4 бірлік апаттық техника, 6 жұмысшы және 2 бірлік МПС жабдығы, 12 жұмысшы және 4 бірлік БМСП техникасы жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан - Павлодар тас жолында жантүршігерлік апат болды. Салдарынан екі адам қайтыс болып, сегіз адам, олардың ішінде бес бала түрлі жарақаттар алды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel