"Күшті тосын сый": Ерке Есмахан туған күнінде Байбектің қолынан жүлде алды
Жарияланған күні:
Туған күнінде "Жыл таңдауын" жеңіп алып, екі бірдей мүсіншені қанжығасына байлаған әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында жазба қалдырды. Іс шарада өзіне тосын сый жасап, сахнада құттықтау жаудырған Жан Мұқанов пен Бауыржан Байбекке алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші "Жыл таңдауы" жобасында бүгінгі таңда жетінші жүлдесін алып, рекорд орнатыпты. Өнер иесі жоба продюссерінің саханаға үлкен торт шығарып, туған күнінде жұлдызға ерекше тосын сый жасағанын айтты.
"Бүгін республикалық "Жыл таңдауы" өнер бәйгесі өтті. Менің қоржыныма осы жобаның тағы 2 статуэткасы қосылды! Бәрін қосқанда "Жыл таңдауы” премиясының 7 жүлдесін алыппын. Бұл да рекорд. Осы бәйгенің ең көп жүлдесін алған өзім ай өзім!
Осы жобаның бас продюсері Жан Мұқанов мырза менің туған күніме сахнада күшті тосын сый жасады. Үлкен тортты алып шықты, залдағы көрермендер түгел ән айтып, туған күніммен мені құттықтағанда керемет сезімде болдым. Маған жүлдені беру үшін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырза сахнаға шықты", - деп жазды ол.
"Бауыржан мырза ақ тілегін жаудырып, көрермендерді бүгінгі "Тұңғыш Президент күнімен" құттықтап, маған статуэтканы табыстады. Осындай жүлдеге, осындай бақытқа, осындай "зор табысқа" ие болған мен өте бақыттымын! Аллаға сансыз шүкір! Көрермендерге, "Жыл таңдауын" ұйымдастырушыларына рахмет! Аяулы көрермендерім, Сіздер болмасаңыздар, мен Ерке Есмахан болмас па едім?! Сіздерді қатты жақсы көрем!", - деп жазды жұлдыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830066-ksti-tosyn-syj-erke-esmahan-tugan-kninde-bajbekti-kolynan-zlde-aldy/