RU
"Бір той басқарғанда алатын айлық": Депутат Нұрлан Әлімжановтың жалақысы қанша

"Бір той басқарғанда алатын айлық": Депутат Нұрлан Әлімжановтың жалақысы қанша

Рассказать Вконтакте

Бүгінде мәжіліс депутаты атанған актер Нұрлан Әлімжанов лауазымды қызметте болса да, өнерді тастамайтынын айтады. Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдап, небәрі 29 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған ол ұлты үшін қызмет етуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Басты бағдарламаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Басты бағдарлама

Фото: Видеодан кадр/ Басты бағдарлама

Актер әрі сазгер Әлімжанов депутат болғанға дейін де тығыз күнтізбемен жүрген. Ал аталған қызметке келгеннен кейін, тіпті, уақыттың азайғанын сезіне бастапты. Дегенмен, актер қарбалас күйде жүргеніне іштей қуанатынын жасырған жоқ.

Сондай-ақ, мәжілісмен депутаттық мансабы жайлы да сөз қозғады. Ол өз қызметіндегі жеңілдіктерге тоқталып өтті.

"Депутаттардың қызметіне жақын жерде үйі бар. Ол мәңгілік үй емес. Кейбір жұрттар одан шатасуы мүмкін. Әскери қызметкерлерге де уақытша үй беріледі ғой. Сол сияқты, мен 5 ай депутат болсам, бес ай ғана тұра аламын. Ол мемлекеттікі, қызметтен кеткенде барлығын қайтарамыз.
Айлық 500 мыңның ар жақ-бер жағы. Бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенмін. Ол да әсер етеді. Мен мұнда айлық үшін келген жоқпын. Несін жасырайын, депутат болмай тұрғанда мен "әу" деп ән айтқанда немесе бір той басқарғанда алатын айлық. Менде осы арқылы ұлтыма не қоса аламын деген мақсат қана бар", - дейді ол.

Халыққа актерлік қырымен, сазды үнімен танылған Әлімжановтың ойында өнерді тастау мүлде жоқ.

"Мен кесіп айтамын, өнерден кетпеймін. Осы күнге дейін Нұрлан Әлімжанов деген есімді депутаттық емес, Құдай берген өнер арқылы таниды. Ал депутаттық-менің жаңа лауазымым. Келгеніме де 2-3 айдың айналасы болды. Бірдеңе бітіріп, тындырдым деп айта алмаймын.
Енді-енді жұмыс барысына кірісіп жатқан жайымыз бар. Актерлік өнер, әншілік, сазгерлік өнерді, тіпті, асабалық өнерді сағынамын. Ол бөлек құдірет, бөлек әлем. Ал қызмет бүгін бар, ертең жоқ. Өнер -мәңгілік", - деді актер.
Сіздің реакцияңыз
2
4
0
2
7
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel