Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Тандем жоқ - заңды сайланған президент бар

Опубликовано:

Мемлекет басшысы неміс басылымына берген сұхбатында Елбасымен қарым-қатынасы туралы айтып берді. Сонымен бірге, Қазақстанда қос билік туралы сөз бола алмайтындығын тағы бір рет атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Қазақстан президенті мұндай пікірін DW.com немістік басылымына берген сұхбатында білдірген.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің негізін қалаушы-әкесі екенін, оның үлкен құрметке лайық екенін атап өтті.

Ал ол өзін Қазақстанның заңды сайланған президенті және әскердің жоғарғы бас қолбасшысы деп атады.

Сондай-ақ мемлекет басшысы қос билік тақырыбының жиі талқыға түсетініне қатысты нақты жауап берді.

"Мұнда қос билік жоқ, тандем жоқ - заңды сайланған президент бар", - деді Тоқаев.

Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық мәселелерде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Сонымен бірге, Ұлт көшбасшысы - мемлекетті жалғыз адам басқаруы керектігін түсінетін адам деп атады.

Сондай-ақ, ол кейде Елбасының кеңесіне жүгінетінін жасырмады.

Еске сала кетейік, аталған сұхбат Қазақстан президентінің 5-6 желтоқсанға жоспарланған Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында өткізілген болатын. Әңгіме барысында Тоқаев өзін Украинадағы жағдайлар қорқытпайтынын атап өтті.

Журналист мемлекет басшысына "Қазақстан билігі Украинадағы жағдайлардан, атап айтқанда, Қырымдағы аннексия мен елдің шығысындағы соғыстан қорықпады ма" деген сауал қойды. Тоқаев өз кезегінде Қазақстанның Қырымда аннексия болды деп есептемейтінін алға тартты.

Сондай-ақ, Тоқаев Елбасыға қатысты айтылған сындар мен митингтерге қатысты пікірін де білдірді.

Сонымен бірге ол елорданың атауы Нұр-Сұлтанға өзгеруіне қатысты ойын айтып, Қазақстанда жеке басқа табынушылық жоқ деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830373-tokaev-tandem-zok-zady-sajlangan-prezident-bar/

pixel