Алматы облысында қыз баланы дәретханаға жібермеген мұғалім оны ыңғайсыз жағдайға қалдырған
Жарияланған күні:
Алматы облысында екінші сынып оқушысына дәретханаға шығуға рұқсат етілмеген. Салдарынан қыз баланың ағзасы шыдамай, ол сол жерде дәрет сындырған. Осындай ыңғайсыз жағдайдан кейін үлкендер балаға көмектесудің орнына мәселені көптің көзінше шеше бастапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға Алматы обылысындағы Үштөбе қаласының мектептерінің бірінде орын алған. Болған жағдайдан кейін кішкентай қыз әлі күнге дейін өз-өзіне келе алмай жүр екен.
Ол жылап-сықтап, ата-анасынан өзін басқа мектепке ауыстыруды сұрап жүргенге ұқсайды. Себебі ұялады екен. Қыз баланың сабаққа да барғысы келмейтін көрінеді өйткені сыныптастарының алдында күлкіге қаламын ба деп қорқады.
Мектеп оқушысының сөзінше, сол күні әдебиет сабағында оның іші ауырыпты. Ол оқытушыдан дәретханаға сұранбақ болған, алайда мұғалім үзілді-кесілді рұқсат етпеген.
Ал ол қоңырауға дейін шыдай алмай қалған. Қыз баланың айтуынша, содан кейін одан бәрі қашқақтай бастапты. Тек қоңырау соққанда ғана қыз үйіне жіберіліпті.
Жасөспірім қыздың анасы оған әдебиет пәні мұғалімінің хабарласып, қызының ауырып қалғанын, сол себепті үйіне қайтарылғанын айтқанын алға тартты.
Алайда анасы қызының кеш келгенін есіне түсірді. Оның үсті лас болыпты. Сондай-ақ, қызы үйге келгенде оның жылағанын байқаған.
Басында анасы баласының жол жөнекей шалшыққа құлап қалды деп ойлаған. Алайда колготкасын шешкенде бәрін көріпті.
Сондай-ақ, болған оқиғадан кейін біраз уақыт өткен секілді. Себебі барлығы кеуіп, баланың терісіне сіңіп үлгерген.
Анасының сөзінше, қызының басынан өткен жағдай оның жүрегін ауыртыпты. Келіншектің пікірінше, мұндай қорлықты балақайдың ұмытуы екіталай.
Әйел адам мектепке барған. Алайда қолдау көрсетудің орнына, оқытушылар мен ата-аналар комитеті балаға қарсы шығыпты.
Анасының сөзінше, олар қызының өтірік айтып тұрғанын яғни ол сабақ үстінде емес, қоңырау кезінде дәрет сындырғанын айтыпты.
Алайда әйел адам бұған еш сенбейді. Оның ойынша, қыздың дәретханаға баруға мүмкіндігі болса, мұндай жағдай орын алмаған болар еді.
Мән-жайды біліу үшін басылым тілшісі де мектепке барып қайтқан. Ол жерде мектептің ішінде дәретхана бары айтылған. Тек оған кіші сыныптың ғана балалары кіші дәретке бара алады екен. Ал қалғандары сырттағы дәретхананы қолдануға тиіс.
Материал авторының мәліметінше, мектеп қызметкерлері ақталып, олардың ешқайсысы болған жағдайға кінәлі емес екенін айта бастапты. Айтуынша, ғимараттың ішіндегі дәретхана есігі баршаға ашық. Екінші сынып оқушысы сол күні іштегі дәретхананы қолданып, ішін былғап кетіпті.
Тілшінің пікірінше, бұл жайттың қай жерде болғаны маңызды емес, себебі баламен кез келген жағдай болуы мүмкін. Ең сорақысы, үлкендер осындай жағдайда өздерін дұрыс ұстай алмаған.
Мәселен, еден жуушы (бейнебақылау камераларында көрсетілгендей) дәретхананың былғанғанын көргеннен кейін сыныптарды аралап, мұны кім жасағанын анықтай бастапты. Содан кейін қыз баланы бәрінің көзінше сөккен деп жазады автор.
Педагог сыныптастары тарапынан қыздың күлкіге қалуына кедергі келтірмеген. Тілшінің сөзінше, оған қоса, мектеп басшысы қызметкерлерінің жағына шығып, оқытушыны қорғауға тырыспаған.
Қазіргі уақытта қыз баланың анасы оның болашағына алаңдаушылық білдіріп, қызын басқа мектепке көшіру туралы ойланып жүр екен.
Сондай-ақ, педагог пен психологтың пікірінше, бұл жағдайдан қыз бала қатты күйзеліске түскен, сол себепті оған маманның көмегі қажет. Қазіргі уақытта оқушыға психолог қажет.
Ақпаратты көшіру, пайдалану "Время басылымы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830521-almaty-oblysynda-mgalim-okusy-kyzdy-drethanaga-zibermej-ol-synyptastaryny-aldynda-klkige-kalgan/