RU

БАҚ Қазақстан азаматы күдікті деп танылған кісі өліміне Қадыровтың қатысы бар екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Германия журналистері Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Қазақстан азаматы күдікті деп танылған қылмыстық іске қатысы бар деген тұжырымдамаға келіп отыр. Бұл қылмыстық іс Қадыровтың тапсырысымен жасалды деген болжам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ Қазақстан азаматы күдікті деп танылған кісі өліміне Қадыровтың қатысы бар екенін айтты

Рамзан Кадыров. Фото ВКонтакте аккаунтынан алынды. Кісі өліміне күдікті Вадим Красиков (Сколов) Фото: bellingcat.com

Bild неміс басылымының журналистері Джулиан Репке және Питер Тиде өз зерттеулерін жүргізіп, осындай тұжырымдамаға келді.

Олардың пікірінше, бұл іс жүзінде Шешенстанның қазіргі президентінің әкесі Ахмат Қадыровтың өлімі үшін алған кегі деп санайды. Аталған фактіні Берлин Тиргартендегі кісі өлімі 23 тамызда үлкен Қадыровтың туған күні болғаны растайды деп мақаланың аудармасын келтірді InoPressa.

Сонымен қатар, журналистер Ахмат Қадыровтың 2004 жылы Грозныйдағы теракт кезінде қаза тапқанын айтады. Содан кейін "Кавказ әмірі" террористік ұйымының жетекшісі Шамиль Басаев болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алды: ол кезде оның тобы Ресейдің Шешенстанды "жаулап алуына" қарсы болды.

Неміс журналистерінің айтуынша, сол топқа шешен Зелимхан Хангошвили кірген. Ол 23 тамызда Берлинде өлтірілген.

Неміс басылымы Хангошвилидің өлімін "ресейлік шабуыл" деп атады.

Қадыровты күдікті деуге тағы бір себеп бар. Ол - өлтірілген адамның тегі болды. Журналистердің сөзінше, шешенді өлтірген жалдамалы кісі өлтірушінің Соколов атымен жалған құжаттары болған. Ал 2000 жылы шешендік топтың мүшелері ресейлік капитан Роман Соколовты өлтірілді.

Басылымның пікірінше, Ресейдің арнайы қызметтері, соның ішінде ГРУ, бір кездері Ресейге қарсы шыққан, бірақ қазір Еуропада тұратын Шешенстаннан келген босқындарды іздей бастады.

Сонымен қатар, кісі өлтірушілердің тегі шешен көтерілісшілерінің қолынан қаза тапқан орыс офицерлерімен бірдей болуы мүмкін екендігі айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, Соколов аты жазылған жалдамалы киллер Қазақстанның тумасы Вадим Красиков болып шықты. Ол Ресейге 1980 жылы қоныс аударып, содан кейін РФ азаматтығын алды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ Қазақстан азаматы күдікті деп танылған кісі өліміне Қадыровтың қатысы бар екенін айтты
Mailfire view pixel