Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атын айтпай-ақ қояйын":Айдарбекова Қайрат Нұртастың жолын кеспек болған адам жайлы айтты

Жарияланған күні:

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші Қайрат Нұртастың атын қараламақ болып, түрлі әрекеттерге барған адам жайлы жазды. Хитменнің анасы ұлының масқарасын шығаруды көздеген тұлға ол үшін ақша төлеп, өнер иесінің монтаждалған видеосын таратқанын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kair.n Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kair.n Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Гүлзира Айдарбекова ел сүйіктісі болып кеткен Қайрат Нұртастың өнерін сынға алып, оны аяғынан шалмақ болған адамға Instagram желісі арқылы жауап берді.

Продюсер ұлының жанды дауыста айтуына күмәнданған жанға өз дәлелін де дайындап қойған.

"Жанды дауыста айта алады ма өзі деп, мұқатумен отыратын кісілер, енді қоя салса екен деймін. Бүгін тегін концерт, барыңыздар деп алдыңғы постымды салсам, "жанды дауыста айта алады ма өзі" деп мұқата сұраған екен, жақсылап көріп алсыншы деп салып отырмын. Еш уайымдамаса екен, тағы кім бар еді. Жарайды атын айтпай-ақ қояын, ішің білсін дей салайын көкелерін.
Сосын Шымкентте ақша төлеп, монтаждап, барлық чаттарға таратуға тапсырыс берген кісіге айтарым: сіз құлатам деп жүргенде Алла сізді басқаша нокаут түсірмесін. Сынақтан сынып кетсек, баяғыда шытынап күл-талқан болар едік. Құдайдың көзі тура болсын!
“Қолда бар алтынның қадірі жоқ” демекші, бір-бірімізді бағалайықшы. Кір іздегенше, қолдан келсе, азғантай ғана өазақпыз, ауызбіршілігі бар ел болайық" , - деп жазды Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830953-atyn-ajtpaj-ak-koajynajdarbekova-kajrat-nrtasty-zolyn-kespek-bolgan-adam-zajly-ajtty/