Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимптің" шоттарды тұтқындау мен тінтуді болдырмау жайлы өтінішін қабылдамай қойды

Опубликовано:

Алматы соты "Олимп" букмекерлік кеңсесінің шоттарды тұтқындау туралы қаулысын болдырмау жөніндегі өтінішін қабыдамай қойды: шығарылған шешім өзгеріссіқ қалдырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҰҚК ұсынған видеодан кадр
Фото: ҰҚК ұсынған видеодан кадр: Instagram

Компания оңтүстік астананың арнайы мамандындырылған соты рұқсат берген шоттарды тұтқындау мен тінту жұмыстарымен келіспей отыр. Алайда, қалалық сот бұған дейін шығарылған сот инстанциясының шешімін толықтай дұрыс деп есептеп, "Олиптің" өтінішін қабылдамады.

ЖШС қорғаушысы Tengrinews.kz агенттігіне барлық шоттарды тұтқындау туралы шешімді заңсыз деп санады. Себебі, бұл әрекет салдарынан бірлестік өз салығын да төлей алмай қалды дейді ол.

Оған қоса, заңгер тергеу шоттарда сақталған ақшаның заңсыз жолмен табылып, қылмыс қаруы болғанын дәлелдей алмай отырғанын алға тартты.

Айта кетейік, желтоқсан басында "Олимп" букмекерлік кеңселерінің жүйесіне қатысты тергеу амалдары басталғаны хабарланған болатын.

Оған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңсыз ойын бизнесіне қатысты күдігі сепші болған. Кеңсе заңсыз әрекеттерін ғаламтор ресурстары арқылы іске асырған болуы мүмкін.

Одан бөлек, ҰҚК букмекерлік кеңсенің көмегімен елімізден заңсыз жолмен ақша шығарылған деп күдіктеніп отыр.

Мемлекеттік құрылымның баспасөз қызметі "Олимптің" қатысы бар болуы мүмкін тағы бірқатар қаржылық қылмыстар бар екенін мәлімдеді. Алайда, нақты қандай қылмыстар екені анықталған жоқ.

Белгілі болғандай, арнайы мамандандырылған сот мекеме лицензиясының жұмысын жарты жылға тоқтатып тастады.

Алайда, компанияның өзі істің мұндай өрьуіне келіспей, оңтүстік астананың қалалық сотына шағым түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831091-olimpti-sottardy-ttkyndau-men-tintudi-boldyrmau-zajly-tinisin-kabyldamaj-kojdy/

pixel