Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уәде бердім": Қарағанды облысының әкімі Головкинмен кездесті (фото)

Опубликовано:

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы боксшы Геннадий Головкинмен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жеңіс Қасымбектің Facebook парақшасынан
Фото: Жеңіс Қасымбектің Facebook парақшасынан: Facebook

Бұл туралы аймақ басшысы Facebook парақшасында жазды.

Айтуынша, бокс жұлдызымен кездесу барысында өңірдегі спорт саласының даму мәселесі талқыланған.

"Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды.
Бірге отырып, Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады.
Келесі жылы атақты "Литейщик" стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін орта салмақта Еуропаның бұрынғы чемпионы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский клиентінің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген еді.

Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек 8 немесе 29 ақпанда өтуі мүмкін. Бокс кешін поляк диаспорасы көп шоғырланған Чикаго қаласындағы Wintrust Arena-да өткізу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Камил Шеремета кезекті қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің осал тұстарын атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831210-ude-berdim-karagandy-oblysyny-kimimen-golovkinmen-kezdesti-foto/

pixel