Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалаулымдық жігіт жобада танысқан қызды алып қашты (фото, видео)

Опубликовано:

"Қалаулым" жобасы тағы да елді таңғалдырды. Бұл жолы атышулы бағдарламада бұрын-соңды болмаған жағдай орын алған. Қатысушы жігіт өзі сияқты жобаға махаббатын іздеп келген қызды алып қашты. Айдос Игіліков пен Зарина Сапардың арасында сезім бар екені жайлы болжамдар бұған дейін болғанымен, олар соңына дейін қарым-қатынасын ағалы-қарындас деңгейінде деп келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zarinasapar_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zarinasapar_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

"Қалаулымдық" жігіт жобада танысқан Зарина есімді қатысушы қызды жар етіп алды. Атышулы бағдарламаға отбасын құру үшін келген Айдос Игіліков өз мақсатына жетті.

Алайда, азаматтың таңдауы жобаға өзін ұнатып барған арулардың біріне емес, өзі секілді үміткерді күтіп отырған бойжеткенге түсті.

Қос қатысушының арасында достықтан артық сезім бар екені бұрыннан бері айтылып келген. Бірақ, екеуі де көптің күдігін теріске шығарып, ағалы-қарындас екенін жеткізіпті.

Нәтижесінде, жақында бір топ "қалаулымдықтардың" Шымкентке жасаған сапарында Айдос пен Зарина да бір-біріне деген сезімдері барын түсінген көрінеді.

Бұл сапардан қайтып келген соң, қос қатысушы да бір апта бойы эфирге шығу құқығынан айырылып тынды.

Содан кейін, Айдос Игіліков көп ұзамай, сүйіктісін алып қашуға бел буған.

Бұл аса маңызды қадамы туралы ол Instagram желісінде хабарлаған.

Күні кеше Шымкент қаласына келін болып түскен Зарина Сапар да алып қашу оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Анықталғандай, бағдарламада Жансейіт есімді үміткері қалғанына қарамастан,ол Айдостың жары атануға қарсы емес болып шықты.

Бойжеткен өзін алып қашқан жігітті "отағасы" деп атап кеткен. Қалыңдық Instagram желісінде ағынан жарылды.

"Шыны керек білмедім! Аяқ-асты алып қашты!Әйтпесе үйден ұзатылу арманым еді!Арманыма қарсы шықты ғой. Қыз сүйгені қалады, жігіт сүйгенін алады деген осы алып қашу жайлы екен. Әйтпесе Айдосқа қатты ренжіп қалғанмын ғой! Расында осы соңғы кездері ұшқын туралы әңгіме болды. Осы 4-5 күндікте ғана көзім жеткендей болды өз сезіміме!

Ал Айдостың айтуынша, біраз болыпты сезіміне. Бірақ өзі сене алмапты. Халықты алдадыңдар деп сөкпеңіздерші өтініш. Мұнда жай ғана сезімге деген сенімсіздіктен уақыт өтіп кетті.

Үш ұйықтасам түсіме кірмепті рас, осы уақытта осы жігітке тұрмысқа шығамын деп. Аллахтың жазғаны болар. Орамал Алматыда тағып үлгерді. Содан соң табалдырық атталынып кетті. Артқа қайтуға жол жоқ.

Осы жобадан таныстық, ағалы қарындас, содан соң дос болып араласып "қарындас қарындас" деп жүріп орамал салып кетті. Осы бағдарламада отырғанда айтып едім "біреу мен сені сүйемін және келіншек қылып аламын деген ниетпен келсе және менде сәл болсын ұшқын болса, сол адаммен кетуге дайынмын" деп. Дәлелі осы. Мақсатымыз пиар миар емес. Отбасы болу. Және осы "Қалаулым Сен" жобасына мың алғыс.

Ал, мен табалдырық аттадым. Отқа май құйдым. Орамал тақтым. Отағасына телефонымды тапсырдым. Қатал екен. Инстам барлығы осы кісінің қолында.

Кешеден бері бермеді. Бізді даттап, өзінше басқаша ойлап, жамандаудың бәрі бекер. Ақиқатында бұл Айдостың тарапынан махаббат үшін күресі. Қыздар, жүре бермей байға тиіңдер. Менде де шымылдық бар, әлі ашылмады..Ертең сағат 17:00-де беташар" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831533-kalaulymdyk-zigit-zobada-tanyskan-kyzdy-alyp-kasty-foto-video/

pixel