RU

"Қазақша бригада": Алашұлының жаңа құрамы ерекше образдарымен көзге түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық эстрада әлемінде өзіндік орнын қалыптастырған "Алашұлы" тобы жаңа құраммен жасалған ерекше стильдегі фотосессиясын жария етті. Жанкүйерлер қауымы топ жігіттеріне түрлі баға беріп, суреттерге тәнті болғандарын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ввввв

Фото: alashuly_group; коллаж: NUR.KZ

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін топ құрамының тағы бір мәрте ауысқаны туралы жазған болатынбыз.

"Алашұлында" бірнеше жыл бойы еңбек еткен Әзімбек Байлин жеке шығармашылығын дамыту үшін топтан бөлек кеткен еді.

Алайда бұл жаңалықтан соң жігіттердің жұмысы тоқтамай, топқа жаңа солист қабылданды: Әзімбек Байлиннің орнына Жургенов атындағы Өнер Академиясының түлегі Атаханов Берік келді.

Осылайша, жаңа құраммен үш ән, бір клип жарыққа шығарған "Алашұлы" жанкүйерлерін қуанту үшін аянбай жұмыс істеп жатыр.

Түрлі басылымдар мен арналарға сұхбат беріп, концерттерді де назардан тыс қалдырмайтын жігіттер тығыз график арасында қайырымдылық шарасына уақыт тауыпты.

Сонымен қатар, олар желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізіп, су жаңа фотосессияларымен бөлісуде.

Қолдаушылары "Алаштың ұлдарына" тек сәттілік пен жақсылық тілеп, олардан тың жаңалықтар күтетіндерін жеткізді.

"

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қазақша бригада": Алашұлының жаңа құрамы ерекше образдарымен көзге түсті
Mailfire view pixel